Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
Сабақтың басы
10 минут
Өткен білімді еске түсіру
Жаңа білім
10 минут
Бекіту
10 минут
Кері байланыс
Сабақтың соңы
10 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Жұптық жұмыс
1) 3,5 А ток күшімен 12 В кернеуге есептелген электр шамының 20 с ішінде жұмсайтын энергия шығынын анықтаңдар. (Жауабы: 840 Дж.)
2) Электр қозғалтқышының қуаты 3 кВт. Егер трактор 1000 В кернеуде жұмыс істесе, онда оның электр қозғалтқышының тұтынатын ток күшін анықтаңдар. (Жауабы: 3 А.)
3) Егер велосипедтің шамындағы кернеу 4 В және ол 1 с ішінде 0,8 Дж энергия жұмсаса, онда шамдағы ток күшін есептеңдер. (Жауабы: 0,2 А.)
4) Электр құралы 45 мин ішінде 5 А токпен 162 кДж жұмыс жасайды. Құралдың кедергісі қандай? (Жауабы: 2,4 Ом.)
Топтық жұмыс
1-тапсырма: Тізбекке жалғанған электр тұтынушылар санын көбейтсек, сақтандырғыштардың қыл сымы күйіп кетеді. Неге?
Жауабы: Тізбектегі ток күші шекті шамадан артып кетеді.
2-тапсырма: Неге өндіріс орындарындағы сақтандырғыштар көбінесе кешкі мезгілде күйіп кетеді?
Жауабы: Ток тұтынушылар саны көбейеді, осыдан тізбектегі ток күші сақтандырғыштағы шекті мәннен артады да, қыл сым күйіп кетеді.
3-тапсырма: Балқымалы сақтандырғыштың қыл сымын неліктен қорғасыннан жасайды? Цезиден әлде мыстан жасаса не болады?
Жауабы: Қорғасынның балқу температурасы жетекші өткізгіштерден біршама төмен.
|