Әр түрлі ортадағы электр тогы
3.Ток күші 1А болғанда 50 мин ішінде электролиттік хромдау кезінде шардың массасықаншаға артты?
Хромның электрохимиялық эквиваленті 0,18 ·10 кг/Кл.
а) 0,09г; б) 0,17г; в) 0,54г; г) 0,27г; д) 0,18г.
4. Электролиз кезінде оң иондар 10с ішінде катодқа қарай +10 Кл заряд, ал теріс иондар осы уақыт ішінде шамасы осындай, бірақ теріс зарядтарды тасымалдайды. Тізбектегі ток күші неге тең?
а) 0,5А; б) 1А; в) 2А; г) 10А; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
5. Қандай ортада электр тогы тек электрондардың реттелген қозғалысы нәтижесінде пайда болады?
а) вакуумде; б) газдарда; в) электролиттерде; г) жартылай өткізгіштерде; д) металдарда.
6. Сыртқы ионизатордың әсерінен газдың иондалады.Осы кезде қандай физикалық құбылыс жүреді?
а) атомнан электрондық қабықшаның бөлінуі;
б) газ молекулаларының оң және теріс иондарға ыдырауы; в) атом немесе молекуладан бір немесе электрондардың жұлынуы; г) атом ядросының нейтрон мен протонға ыдырауы;
д) разрядты түтікшенің катодынан электрондардың ұшып шығуы.
7. Электр тогы жүріп жатқан кезде электролитті қыздырады. Осы кезде электролиттің кедергісі ...
а) кемиді; б) артады; в) өзгермейді; г) жауап электролиттің түріне байланысты;
д) электролиттің кедергісі электролиттің температурасына тәуелсіз, оның концентрациясына тәуелді.
8. Вакуумдік диод арқылы 0,1А ток жүреді. Электрондық лампа арқылы 10с ішінде қанша электрондар өтеді?
9. Рельфті заттардың көшірмесін электролиттік жолмен дайындауды қалай атайды?
а) электролиз; б) аккумуляторды зарядтау; в) гальваностегия; г) рекомбинация; д) гальванопластика.
10. Электролиз кезінде ток күшін 2 есе арттырса, электролит ерітіндісінен катодта бөлініп шығатын заттың массасы қалай өзгереді?
а) 2 есе артады; б) 2 есе кемиді; в) өзгермейді; г) нақты жауап беру мүмкін емес, себебі бұл токтың жүру уақытына байланысты; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
|
Оқушылар үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға тез-тез жауап беріп белсене қатысып отырады
Оқушылар жаңа тақырыпты меңгереді Оқушылар бекіту тапсырмаларын орындайды
|
Дескриптор
Сұрақтарға жауап береді
Есептің шешімін слайдттан қарап тексереді
2-балл
Дескриптор
1.Қорғау тәртібін сақтайды: Уақыт және әдептілік;
2. Мазмұнның толық ашады;
3. Өмірден мысалдар келтіреді.
5 балл
|