Білім беру ұйымының атауы
|
Юрий Гагарин мектеп-лицейі
|
Пәні:
|
Физика
|
Бөлім:
|
Әр түрлі ортадағы электр тогы
|
Педагогтің аты-жөні:
|
Бердалиева Ф.Ш
|
Күні:
|
9.03.22ж
|
Сынып:
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Газдардағы электр тогы. Вакуумдегi электр тогы. Электронды-сәулелік түтікше
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:
|
10.4.3.7 - газдардағы және вакуумдағы электр тогын сипаттау;
10.4.3.8 - электронды-сәулелік түтікшенің жұмыс істеу принципін және қолданылуын түсіндіру;
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар істей алады: Газдардағы және вакуумдегі электр тогының өтуін біледі
Көптеген оқушылар істей алады: Электр тогының пайда болу шарттарын, токтың әсерлерін түсінеді.
Кейбір оқушылар істей алады: Газдардағы және вакуумдегі электр тогының сипаттамаларын ажырата алады
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі//уақыты
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
Сабақтың басы
10 минут
Өткен білімді еске түсіру
Жаңа білім
10 минут
|
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Тапсырма Әр түрлі ортадағы электр тогы
1-топ Газдарда электр тогының пайда болу табиғатын зерттейді;
2-топ Вакуумде электр тогының пайда болу табиғатын зерттейді;
Оқушыларға зерттеу бағыттарына байланысты қосымша бейнематериал бер
Жаңа тақырып
Газдарда электр тогының пайда болу табиғаты
https://www.youtube.com/watch?v=g0WOkaJlmWA&index=71&list=PLJKEfP9PRnx51uXsvIyI_wExH3qXIwdGC
Вакуумде электр тогының пайда болу табиғаты
https://www.youtube.com/watch?v=p9hW2Qqm0hg&index=72&list=PLJKEfP9PRnx51uXsvIyI_wExH3qXIwdGCіледі
Жаңа сабақ. (Видеофрагмент арқылы түсіндіріледі).
Джигсо әдісі (Мәтінді оқып, топ болып талдау, презентация жасап, қорғау)
Қыздырғанда газ атомдарының не молекулаларының жылдамдығы артады. Соған сәйкес олардың кинетикалық энергиясы да артады. Осындай атомдар не молекулалар соқтығысқанда олардан электрондар үзіліп шығып, газда бос электр зарядтары – электрондар мен оң иондар түзіледі. Мұндай процесс газдың иондану деп аталады.
Электр тогы жоқ кезде газдағы электрондар мен иондар хаосты қозғалыс жасайды. Олар соқтығысқан жағдайда қайтадан бейтарап молекулалар түзілуі ықтимал. Осы процесті рекомбинация деп атайды.
Егер иондалған газда электр өрісін тудырса, онда иондар мен электрондар реттелген қозғалысқа келеді де, тізбекте электр тогы пайда болады.
|