Сабақтың тақырыбы: Электромагниттік индукция, генераторлар Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



Дата10.02.2023
өлшемі132,35 Kb.
#66729
түріСабақ
Байланысты:
Генератор


Сабақтың тақырыбы: Электромагниттік индукция, генераторлар

Бөлімі:

8.2 В Электростатика негіздері

Педагогтің аты-жөні:

Әскербек Нұрай Маратовна

Күні:




Сыныбы: 8

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Электромагниттік индукция, генераторлар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

8.4.3.7-Электромагниттік индукция құбылысын түсіндіру;




8.4.3.8-Қазақстанда және дүниежүзінде электр энергиясын өндірудің мысалдарын келтіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар істей алады: Электромагниттік индукция, трансформаторлар және генераторлар туралы толық мағлұмат алады.
Көптеген оқушылар істей алады: Трансформатор мен генератордың айырмашылығын біледі, салыстыра алады.
Кейбір оқушылар істей алады: Қазақстанда және дүниежүзінде электрмагниттік индукция құбылысын , генераторлардың электр энергиясын өндірудегі қолданылатын жерлерін біледі, мысалдар келтіре алады.

Сабақтың барысы:



Сабақ кезеңі/
Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.


  1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, сабаққа сәттілік тілеу. Бүгінгі күнге жақсы көңіл күй сыйлау.


Сабақтың тақырыбын анықтау:
Оқушылар фото суреттер көрсетіледі. Сабақтың тақырыбын оқушылар анықтайды.
Сабақтың мақсатын анықтау үшін сұрақ қояды.
1 Магнит тілшесінің осі деген не?
2.Демпфер деген не?
3.Магнит өрісі деген не?
4.электрқозғалтқыш деген не?
5.Генераторға мысал келтір?
1- тапсырма

Окушылар суретке қарап сабақтың тақырыбын анықтайды.



Оқушылар сұрақтарға жауап бере алмағандықтан бүгінгі күннің мақсатын анықтай алады.












Сабақтың ортасы.
30 мин

« Ассацасия» әдісі

2-тапсырма.


Оқулықпен жұмыс жасау мақсатында «Джексо» әдісі
Мәтінді өзара топта бөліп, оқып алады да, басқа топқа түсіндіреді.
Бағалау «Екі жұлдыз бір тілек» арқылы бағаланады

3- тапсырма


Адасқан формуланы тап. Оқушыларға индуктивтті тақтамен әр түрлі әуе шарында тұрған формулалар беріледі. Оқушылар формулаларды кұрастырып,есеп шыраруда қолданады
№1 Трансформатордың бірінші катушкасының орамдарымен жүретін ток шамасы 5А. Егер трансформация коэффициенті 0,4 болса, Екінші катушка орамдарымен жүретін ток қандай болады?(2А)

№2 Трансформатордың бірінші катушкасында 1200 орам бар және ол 220В кернеуге , 3А ток күшіне арналған. Электрмен пісіру қондырғысын жасауға қажетті 100А ток алу үшін екінші катушканың орам санын қандай етіп таңдайды?(36)

№3 Төмендеткіш трансформатордың бірінші реттік орамасының кернеуі 220В электр желісіне қосылған. Оның екінші орамасының қысқыштарына 8Ом кедергі жалғанды. Егер трансформация коэффициенті 55 болса, кедергі бойымен жүретін токтың шамасы қаншаға тең. (0,5А)

№4 Трансформатордың бірінші реттік орамасындағы ток күші I1= 0,5А , кернеуі U1=220В . Екінші реттік орамасындағы ток күші I2= 11A кернеуі U2= 9,5В . Трансформатордың ПӘК-ін табыңдар. (95%)

№5 Жоғарлатқыш трансформатордың бірінші реттік орамасында N1= 80, екінші реттік орамасында N2= 1280 орам бар. Бірінші реттік орамасының ұштарындағы кернеу U1= 120В , ал екінші реттік ормасындағы ток күші I2= 0,25A . Трансформатордың пайдалы қуатын анықтау керек.(480Вт)



Оқушылар «Ассацасия» әдісі арқылы өзі ізденіп, анықтап табуға бейімделеді.


Кітаппен жұмыс жасайды. Өз шешімін дәлелдейді


Оқушылар жаңа тақырып бойынша есептер шығара алады.

Дескриптор:
Генератордың анықтамасын жазады.
Қайда қолданылатынын жазады
Өзгеде қызықты факт жазады
Жалпы балл 3
Дескриптор:
Сабақ түсіндерді
Өз ойын ашық айтады
Өзге топты тыңдайды
Жалпы балл 3

Дескриптор:


Оқушылар формуланы құрастырады.
Есептің берілген жазады.
Формула жазады.
Есептің жауабын шығарады.
Жалпы балл: 4

Үйлестірме қағаздар








Бағалау

4- тапсырма

Сабақтың басында қойылған, оқушылар жауап бере алмағын сұрақтарды, оқушы бүгінгі сабақтан түсінген түсінбегенін « Бинго» әдісі бойынша қайта сұрайды.
1.Электромагниттік индукцияның қолданылуын түсіндір?
2.Электр құбылысы мен магнит құбылысын салыстыр?
3. Генератордың қолданылуын түсіндір?
4.Генератордың қозғалмайтын бөлігі қалай аталады?
5.Трансформатордың қолданылуын түсіндір?
Қорытындылау кезеңі:
Кері байланыс Classroomscreen әдісі.
Интерактивті тақтада сабақ жақсы өтті, сабақ орташа өтті, сабақ маған ұнамады секілді стикерлер тұрады.

Оқушылар сұраққа жауап береді.





Дескриптор:
Оқушылар сұрақтарға жауап бере алады.
Сабақтың мақсатының орындалғанын айқындайды.







Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет