Сабақтың тақырыбы: Электрстатистикалық өріс. Кернеулер. Сабақтың мақсаты: Білімділік


Зарядтар жүйесінің өріс кернеулігі



бет5/6
Дата06.01.2022
өлшемі238 Kb.
#14328
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
16(2)

Зарядтар жүйесінің өріс кернеулігі.

Тыныштықтағы дискретті Q1 , Q2, ... зарядтардың жүйесін құрастырып, жүйенің кеңістіктің қайсыбір нүктесінде тудыратын өрісінің кернеулігін табайық. Осы нүктеге q0 зарядты қойып, (8.5) формуласы бойынша оларға әрекет ететін F0 күшті анықтайық. Одан әрі зарядтар жүйесінің қарастырылып отырған нүктедегі кернеулігін



(8.7)

қатынасы бойынша табамыз. (8.4) -ті (8.7)-ге қойып,



E = E+ E2 + ... (8.8) аламыз. Демек, кернеулік векторларының да q0 зарядқа әрекет ететін күштердікі тәрізді суперпозициялық қасиеті болады екен. Осыдан, зарядтар жүйесі тудыратын өрістің кернеулігі әрбір жеке зарядтар тудыратын өріс кернеуліктерінің векторлық қосындысына тең деп қорытынды жасаймыз.
Кернеулігі болатын кез келген электростатикалық өрісте q зарядқа әсер ететін күш

(8.9)


шамасына тең.


Күш сызықтары. Жалпы жағдайда электр өрісінің құрылымы күрделі.
Көрнекі болу үшін өрісті күш сызықтары көмегімен графиктік түрде кескіндеуге болады. Күш сызығы деп бағыты өріс нүктесіндегі кернеуліктің бағытымен сәйкес келетін, осы нүктеге жүргізілген жанаманы айтады. Сондықтан күш сызықтары оң зарядтардан теріс зарядтарға қарай бағытталады.

Осылай өрнектелген кезде, өрістің кернеулігінің шамасы күш сызықтарына көлденең орналасқан бірлік ауданды кесіп өтетін күш сызықтарының санына пропорционал болады.

Күш сызықтарының мынадай қасиеттері белгілі:


  1. Күш сызықтары үзіліссіз. Олар оң зарядтан шығады және теріс зарядқа кіреді немес шексіздікке кетіп жатады.

  2. Күш сызықтары еш жерде қиылыспайды.

Егер олар қиылысса, онда қиылысу нүктесінде кернеулік векторының әр түрлі екі бағыты болар еді.

Өрісті графиктік түрде өрнектеген кезде күш сызықтарының қоюлығы кернеулік векторының шамасын анықтайды. Күш сызығына перпендикуляр бірлік ауданға келетін бір күш сызығы бірлік кернеулікке сәйкес болады.



Біртекті өріс.

Бірдей екі металл пластинкаларды алып, оларды 8.7-суретте көрсетілгендей, бір-біріне параллель орналастырайық. Осы пластинкалардың біреуіне +q заряд, ал екіншісіне –q заряд берсек, онда олардың арасында электр өрісі пайда болады. Егер пластиналардың арақашықтығы олардың сызықтық өлшемдерімен салыстырғанда аз болса, онда бұл өрістің кернеулік сызықтары параллель болып шығады. Пластиналар арасындағы өрісте кернеулік сызықтарының тығыздығы барлық жерде бірдей, демек,

=const


Кернеулік векторлары барлық нүктелерде бірдей электр өрісі біртекті өріс деп аталады. Пластиналар арасындағы кеңістіктің ортасындағы өрісті ғана біртекті деп атауға болады, себебі пластиналардың шетінде векторлары өрістің түрліше нүктелерінде бірдей болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет