Сабақтың тақырыбы: Әлемді кітап арқылы танимын Сабақтың мақсаты



Дата21.09.2023
өлшемі78,7 Kb.
#109420
түріСабақ
Байланысты:
Сынып сағаты


Қысқамерзімді жоспар

Педагогтің аты-жөні:

Мамырбаева Манар Жамбуловна

Күні:

09.02.2023

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Әлемді кітап арқылы танимын

Сабақтың мақсаты:

Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру, оқушыларды кітап оқуға қызықтыру, кітаптың пайдасы мен маңыздылығын ұғындыру.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.



(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
3. «Түрлі-түсті билет» әдісі арқылы 2 топқа бөлінеді.
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

5 мин

Мұғалімнің кітап туралы кіріспе сөзі.
Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін,- деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде - ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп өнеге мен тәрбие аламыз. Оқығаның, тоқығаның көп болса жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. Сондықтан да бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы «Әлемді кітап арқылы танимын» деп аталады.

ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жүрек» смайлдарын беріп және «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.




Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.

Байқау барысы:.
Мақал-мәтелдердің жалғасын табу
«Ой жалғау»
1.Наданмен дос болғанша,
Кітаппен дос бол.
2.Кітап - көзі жұмыққа арзан,
Көзі ашыққа маржан.
3.Жақсы кітап - жан азығы.
4.Кітапты сүйіп оқы,
Көңілге түйіп оқы.
5.Кітап — алтын қазына.
6.Кітап — алтын сандық.
7.Кітап — білім бұлағы,
Білім — өмір шырағы!
8.Кітап ғалым - тілсіз мұғалім.
9.Күш - білімде, білім - кітапта.
10.Кітап оқығандікі,
Білім тоқығандікі.

Оқушылар мақалды жалғастырады және мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап береді.

ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жүрек» стикерлерін беріп және «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

ДК экраны

4 мин

Кітап оқудың 8 пайдасы туралы анимациялық видеоролик қарайды.



Анимациялық видеороликті мұқият көріп, түсінгендерін айтады.

ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жүрек» стикерлерін беріп және «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру

https://youtu.be/E2iY6EtscZw




«Кітап жарнамалау»
Екі топқа кітапты жарнамалауға уақыт беріледі.

Берілген уақыт ішінде постер жасап кітапты жарнамалайды.

ҚБ: Кітапты жарнамалаған, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыларға «Жүрек» стикерлерін беріп және «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру

Постер, ДК экраны

5 мин

«Пазл құрастыру»
Қағаз қиындыларын біріктіріп, кейіпкерлерді анықтау.



Екі топ өздеріне берілген қағаз қиындыларын біріктіріп, кейіпкерлерді анықтайды.

ҚБ: Қағаз қиындыларын тез біріктірген және кейіпкерлерді анықтаған оқушыларға «Жүрек» стикерлерін беріп және «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру

Қағаз қиындылары, ДК экраны

5 мин

Кітап туралы қызықты деректер айтылады.







ДК экран




«Бұл не деген жұмбақ?» ойыны
Сол жақтағы дауыссыз дыбыстардың ортасына не алдына, соңына оң жақтағы дауысты дыбыстарды қосып оқыңдар. Сонда бір нақыл сөз оқи аласыңдар.
...рт...қ
ғ... л... м
к...т... пт...,
...р...нб...
...қ...п
к...р...г...
(а ы ы ы і а а, е і е о ы ө у е).
Шешуі: «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге»
(Абай)

Әріптерді орнына қойып, нақыл сөзді табады.

ҚБ: Нақыл сөзді анықтаған оқушыларға «Жүрек» стикерлерін беріп және «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру

ДК экран, A4 парағы

3 мин

«Кітап кімге бұйырады?»
Кітаптар туралы сұрақтарға тез жауап береді.

Сұрақтарға жылдам жауап береді.

ҚБ: Сұрақтарға тез жауап берген оқушыларға «Жүрек» стикерлерін беріп және «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру

https://learningapps.org/display?v=ptw0k382523

Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия



Ең көп «Жүрек» стикерін алған оқушыға кітап сыйлыққа беріледі.

Оқушылар бір-біріне сүйікті кітаптарын оқуға кеңес береді.

«Жүрек» стикерлерін санап, қай топта көп стикер сол топ жеңіске жетеді.






Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет