Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру
Құндылықтарды дарыту
Тазалық құндылығын түсіндіру
Ресімдеу
Слайд,презентация
Музыкалық және бейне көркемдеу
интерактивті тақта, слайд, көрнекіліктер
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин
Сабақ басы)
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Айна» ойыны
Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама –қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап, баланың іс-қимылын қайталайды.
Тазалық – адамның рухани, мәдени жетілу деңгейінің, кісілігі мен тәрбиесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.
Тазалық:
- адамның денсаулығы,
- өң – түсінің шырайлығы,
- өмір жасының ұзақтығы,
- тұла бойының сәнділігі,
- өзін бағалауы,
- айналасына тартымдылығы деген сөз.
Тазалықтың жоқтығынан:
- алуан түрлі аурулар,
- індеттер тарайды, өршиді.
Тазалықққа үйренген адам, әрдайым:
- сергек,
- жинақы болады.
Ондай адамдар:
- сылбырлықты,
- салақтықты,
- ұсқынсыздықты жек көреді.
Әр адамның:
- тұла бойы,
- ішер тамағы,
- киер киімі,
- отырған орны,
- жатқан жері,
- ұстаған мүлкі,
- баспанасы,
- мекен – тұрағы барлығы таза болғанда ғана, оны әдепті деп айтуға болады.
Әр оқушы:
- шашын үнемі жуып, таза ұстауға,
- тырнақ астында кір қалдырмай жуып отыруға, алуға,
- тіс тазалығын сақтауға көңіл бөлгені абзал.
Презентация
Ортасы
Мектеп оқушыларының тәртіп сақтау ережелері:
Бұл ереже мектеп ғимараты мен аумағына оқушылардың тәртібін белгілейді. Ереже мақсаты – мектептің тұрақтанған жұмыс жағдайын, әр оқушының оқуға, тұлғаның құқығы мен қадірін тәрбиелеуге, мәдени дамуға, қатынасудың тәртібі мен машығының дамуына жағдай жасау.
Жалпы тәртіп сақтау ережелері: 1. Оқушы мектепке сабақ басталмастан 5 минут бұрын таза және ұқыпты мектеп формасымен келіп, киім ілінетін бөлмеде сыртқы киімін шешіп екінші ауыстыратын аяқ киімін киеді. Кейін сабақ өтетін сыныпқа барып, өз жұмыс орнына отырып, сабаққа керекті құралдарды дайындайды.
2. Мұғалімдердің келісімінсіз оқушыға сабақ уақытында мектептен кетуге рұқсат етілмейді. Оқушы сабақ жіберген жағдайда сынып жетекшісіне сырқаттануы туралы дәрігерден анықтама немесе сабақ жіберген себебі туралы ата-анасының қолохатын беруі тьиіс. Сабақты себепсіз қалдыруға рұқсат етілмейді.
3. Оқушы мектепте оқу құралдарымен (дәптер, оқулық,күнделік) сабақ кестесіне сәйкес үй тапсырмасымен келеді.
4. Оқушы үлкендерге құрмет, кішілерге ізет көрсетуі тиіс. Оқушылар, мұғалімдер бір-біріне құрметпен қарайды. Оқушылар үлкендерге, жоғары сынып оқушылары кішілерге, ұл балалар – қыз балаларға жол береді.
5. Оқушы мектепте және мектептен тыс әдептілік, біліктілік қасиеттерін сақтауы тиіс.
6. Мектеп мүліктеріне өз мүлкіне сай мұқият қарауы тиіс.
Сабақ кезіндегі тәртіп:
1. Оқушылар мұғалім сыныпқа кірген кезде құрмет көрсетіп, тұрып амандасады және мұғалімнің рұқсатымен отырады. Сонымен қатар сабақ кезінде сыныпқа кірген мұғаліммен тұрып амандасады.
2. Сабақ уақытында шулауға, өзін және қасындағы оқушыларды бос сөздермен және басқа да сабаққа қатысты емес мәселелермен алаңдатуға болмайды. Оқушы сұрақ қойып немесе сұраққа жауап бергісі келген жағдайда қол көтеруі керек. Оқушы мұғалімнің барлық қойған талаптарын орындауы қажет. Күнделікті ұқыпты ұстап, әр апта соңында ата-аналары күнделікке қол қояды.
3. Егер оқушы сабақ уақытында сыныптан шығу керек жағдайында алдымен мұғалімнің рұқсатын сұрауы тиіс. Сабақтың біткені туралы қоңырау мұғалім үшін беріледі. Мұғалім сабақтың аяқталғанын жариялағанда ғана оқушылар сыныптан шығуға құқылы. Мұғалім немесе басқа үлкен жасты адам сыныптан шыққанда оқушылар орнынан тұрады.
Сабақ басталғанаға дейін, үзілістерде және сабақ аяқталғаннан кейінгі тәртібі:
1. Сыныпқа қоңыраудан бұрын кіру тиіс, қоңырау соң сыныпқа тек мұғалімнің рұқсатымен кіреді.
Үзілістер кезінде оқушы міндеті: