Сергіту сәті. Ойын: «Кім жылдам?»
Оқушыларға тапсырмалар беріледі. «Кім көп біледі?» еңбек туралы мақал-мәтелдер жазып, оның мағынасын түсіндіреді. Оқушылар мақал-мәтел жазып жатқанда ата-аналар отбасындағы бала еңбегі туралы айтып береді.
Еңбек туралы мақал-мәтелдер:
Еңбегіне қарай — құрмет,
Жасына қарай — ізет.
Еңбек ер атандырады.
Еңбек ерлікке жеткізер,
Ерлік елдікке жеткізер.
Еңбек еткен — мұратқа жеткен.
Еңбек етпей елге өкпелеме,
Егін екпей жерге өкпелеме.
Еңбеккер ұйқыдан ширап тұрады,
Еріншек ұйқыдан қирап тұрады.
Әлің барда еңбек ет, еңкейгенде емерсің.
Ердің атын еңбек шығарады.
Бақыт кілті еңбекте.
Еңбек ширатады,
Өмір үйретеді.
Маңдайы терлемегеннің
Қазаны қайнамайды.
Еріншектің ертеңі бітпес,
Жеңілтектің селтеңі бітпес.
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей
|
Оқушылар мақал-мәтелдерді жалғастырады
|
Ортасы
(20 мин)
|
Оқушылардың мектептегі және қоғамдық пайдалы іс- әрекеті оның кейін әлеуметтенуіне үлкен әсерін тигізеді. Мамандық таңдауына, рухани құндылықтарға ие болуына, әр түрлі адамдармен араласуға, мінезінің қалыптасуына әсер етеді.
Енді оқушылардың сіздерге қояр сұрақтарымыз бар. Сол сұрақтарға кезек берейік.
1.Өз мамандығының шебері болу үшін адам өзін-өзі қалай дайындау керек деп есептейсіз?
2. Өзіңізді еңбекқормын деп санайсыз ба? Еңбекқорлық адамды қандай қасиеттерге баулиды?
3. «Адал еңбек» деген ұғым нені білдіреді?
4. «Еңбектің жемісі» дегеніміз не?
5. Адамның бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады?
6. Қандай мамандық таңдауға кеңес берер едіңіз?
7. Осы мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?
8 .Сіздіңше мамандықты дұрыс таңдау дегеніміз не деп ойлайсыз?
9. Ұстаз болу сіздің бала күнгі арманыңыз ба еді?
10. Бүгінгі таңда жастардың көбі ұстаз болуды қаламайды, керісінше заңгер, банкир, экономист т.б мамандықтарды құрметпен бағалайды. Мұның себебі неде деп ойлайсыз?
|