Оқушыларды адал еңбекке баулу, кәсіптік білім беру. Адам еңбегін бағалай білуге, еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу.
Құндылықтарды дарыту
Отбасы құндылығы
Ресімдеу
Слайд, презентация
Музыкалық және бейне көркемдеу
интерактивті тақта, слайд
Үлестірмелі материалдар
мақал – мәтелдер жазылған плакаттар
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер
Презентация
Дайындыққа арналған әдебиет
Интернет материалдары
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары
Ұйымдасты ру кезеңі (7 мин)
Ассосация құру.
Ендеше, шыбын сияқты босқа ұшып жүрмей, ара сияқты еңбек етіп, пайдалы болып, жемісін көрейік. Бүгінгі сабақта адамның өміріндегі еңбектің рөлі, адам еңбек ету үшін бойында қандай қасиеттер болу керек, «еңбекқорлық», «еңбексүйгіштік» және еңбектің нәтижесіне қалай жетеміз және осы өмірде еңбекқорлық қасиеті, еңбексүйгіштік қасиеті арман-мақсаттарымызға, алдыға қойған тілектеріміздің орындалуына қалай ықпал етеді, сол туралы мәселелерді қарастырамыз. Енді баршамызға аян барлық адам бақытты, жақсы өмір сүргісі келеді. Қалай ойлайсыздар адамдар жақсы, бақытты өмірге қалай қол жеткізеді? Итальяндық ғалым, суретші Леонардо да Винчидің «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» деген екен. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. 2. Бүгінгі сабағымыздың дәйексөзі: «Адал сол – таза еңбекпен күнін көріп, жаны үшін адамшылық ар сатпайды» деген Шәкәрім Құдайбердиевтің ойы. Осы дәйексөзді қалай түсінесіздер? Бұл – адал еңбек ету, адал өмір сүру деген мағынаны береді.
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.