«Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздерге» арналады.Мемлекетіміздің рәміздері туралы білімдерімізді толықтырып, құрметтеуге үйренеміз. Кез келген мемлекеттің айшығы – мемлекеттік рәміздері екені белгілі. Әнұраным-жанұраным, Айтар әнім, сөйлер сөзім. Мәңгі бақи шырқалады Республикамның әнұраны.
«Ой қозғау» кезеңі. -Балалар «Отан» дегенді қалай түсінесіңдер?
-Ал рәміздер деген сөзді қалай түсінесіңдер? Дұрыс айтасыңдар. Ал енді назарларыңды интербелсенді тақтаға аударыңыздар. «Рәміздерім – мақтанышым» атты бейнебаян көрсетіледі. Бейнебаян аяқталған соң, арнайы дайындалған оқушылардың мәліметін тыңдаймыз. «Білімдінің көзі ашық» . Ортаға үш оқушы шығып дайындаған мәліметтерін интербелсенді тақтадағы «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты презентация арқылы таныстырады.
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.
(Әнұран шырқалады)
- Туып өскен жеріміз. Мемлекетіміз, мемлекеттік тіліміз. --Ол мемлекеттің егемендігін, бейбітшілігін білдіреді.
Компьютер
Сабақ басы (13 мин)
«Кім жылдам?» 1.ҚР Тәуелсіздік күнін қашан атап өтеміз? (16 желтоқсан) 2.Мемлекеттік тіл? (қазақ тілі) 3.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қай жылы қабылданды? (1992 жыл) 4.Әнұранның авторлары кімдер? (Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев) 5.Қазақстанның ұлттық валютасы? (теңге) 6.ҚР мемлекеттік туының авторы? (Шәкен Ниязбеков) 7.Елтаңба авторлары кімдер? (Ж.Мәлібеков,Шотаман Уәлиханов) 8.Әнұранның әнін кім жазған? (Ш.Қалдаяқов) 9.ҚР туында не бейнеленген? (шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата) 10.Республика,облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады (Әнұран) 11.Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген? (Елтаңба) 12.Біздің қаламыздың қай жерлерінде ілулі тұрған туды көрдіңіздер?
Оқушылар мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап береді.
Презентация
Ортасы (20 мин)
«Мақал сөздің – мәйегі» 1. Отан отбасынан..... (басталады) 2. Отансыз адам…....(ормансыз бұлбұл) 3. Ел іші - (алтын бесік) 4. Туған жердей жер болмас….(Туған елдей ел болмас). 5. Отан үшін отқа түс.... (күймейсің) 6. Ел қадірін көрген біледі…..(Жер қадірін жүрген біледі) 7. Отан үшін еңбек етсең.....(халқыңның сүйген ұлы боласың) 8.Егілмеген жер жетім...(Елінен айырылған ер жетім) 9. Отанын сүйген.....(отқа жанбайды, суға батпайды) 10.Отан оттан да.... (ыстық)
«Топтық жұмыс» Оқушыларды 3-топқа бөлу: Ту, Елтаңба, Әнұран. Әр топ атауына сәйкес рәміздерге шағын презентация жасауы қажет, ол тірек сызба, сурет, кесте немесе т.б түрде болуы мүмкін. Ол үшін оқушылар алдына А-4 қағаздары, түрлі түсті қаламдар, қарандаштар мен фламастерлер таратылады. .
Мақал – мәтелдерді жалғастырулары сұралады.
Бұл тапсырма арқылы оқушылардың тәрбие сағаты барысында алған білімдерін пысықтап, қорытындылаймыз
Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады. Қазақстан: Туымен-Тұғырлы, Елтаңбасымен- Еңселі Әнұранымен айбатты ел!
«Көк тудың желбірегені»
Музыка қосылады
Бекітілді ___________ Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар