Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Тәрбие сағаты
|
«Отбасы-тәрбие бастауы»
|
Күні
|
16.09.2024
|
Класс жетекші:
|
Нуралинова Назгуль Бакитқызы
|
Класс: 9 «А»
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)
|
«Менің отбасым – менің әкемнің үйі»
|
Сабақтың мақсаты:
|
Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушыларды еңбекқорлыққа және кәсіби біліктілікке баулу
|
Тақырыптық көрмелермен ақпараттық стендтер
|
Презентация
|
Дайындыққа арналған әдебиет
|
Интернет материалдары
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары
|
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)
|
Отбасы – адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп, ер жетеді. Отбасы - адамзат баласының түп қазығы, алтын ұясы. Бала тәрбиесiнде отбасының алатын орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзгi қызметі баланы өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе жатқан ұлттық тәрбиенің тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып табылады. Ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы – үлкен тәрбие мектебi. Осылайша, адамға тән рухани-адамгершілік сапа-қасиеттерді қалыптастырып, дамытудың негізі ең алдымен отбасында қаланады.
-Оқушылар жалпы отбасы деген ұғымды сендер қалай түсінесіңдер?
-Отбасы деген не?
|
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.
|
Слайд
|
Сабақ басы (13 мин)
|
Ойын: " Бұл кім?"
Мақсаты: Балаларды тапқырлыққа, есте сақтау қабілетін дамытуға баулу.
Шарты: отбасындағы мүшелердің атын атап, жасырынған отбасы мүшесін табу.
1. Айтары мол ғұлама,
Көп жасасын бұл адам,
Әкесі ол әкеңнің
Білер оны сұраған.Ол кім? Атаның суретін іледі.
2. Ертегі айтып береді,
Күнімен саған ереді.
Әкешіңнің анасы,
Әкең оған баласы. Ол кім? Әженің суретін іледі.
3. Атаңның баласы,
Кей кезде таласып.
Қаласың әжеге
Білгенің асады кәдеге.
Ол кім?Әкесінің суретін іледі.
4. Бала бала, бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған.
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей.
Иісін жұпар аңқытқан.
Бұл кім? Ананың суретін іледі.
|
Оқушылар сипаттамаға сәйкес отбасы мүшесін анықтап, жауабын дауыстап айтады
|
слайд
|
Ортасы (20 мин)
|
Жаттығу: "Отбасы туралы ертегі немесе әңгіме құрастыру".
Бұл жаттығудың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қазақ тілінде сөздік қорларын байыту.
Нұсқаулық:1. Оқушыларға тақтада немесе қағазда сөздерден құралған "сөз бұлты" беріледі. Бұл сөз бұлтында "отбасы," "махаббат," "бірлік," "ата-ана," "бақыт," "дос," "қамқорлық," "мейірім," "ауызбіршілік," "қуаныш," "әке," "ана," "бауырлар" секілді сөздер болады.2. Оқушылар осы сөздерді қолдана отырып, өз отбасылары туралы қысқаша ертегі немесе әңгіме құрастырады. Олар сөз бұлтындағы кез келген сөздерді таңдап, оны өз ойларына байланыстыра отырып, оқиғаларын жазады.
|
Оқушылар сөздерді байланыстыра отырып,қысқаша әңгіме немесе ертегі құрады.
|
Слайд
|
Соңы
|
- Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.
|
Білуі керек: Отбасымүшелерін құрметтеп, сыйлай білуі керек.
Болуы керек: Отбасында әдепті, сыйлы болуы керек.
Жасай білуі: Берілген тапсырмаларды орындай білулері керек.
|
слайд
|
Достарыңызбен бөлісу: |