Отанды сүюге, болашақта отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді, білікті адамдар керек екенін аңғарту. Еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, әдет-ғұрып, салт- дәстүрді сақтап, әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.
Гимн орындалады.
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар мен қонақтар! Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұланымыз, балалар. Сондықтан өз жеріміздің, өз еліміздің ата - бабаларымыз сияқты қадірлеп, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде,
Сәлемдесіп аламыз.
XXI ғасырда Қазақстанда тыныштық, бейбітшілік болсын деп тілей отырып бүгінгі «Білімге ұмтылу,еңбексүйгіштік және отаншылдық» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.
Презентация
Сабақ басы (13 мин)
Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?
-Елбасымыз кім?
-Елордамыз қай қала?
-Мемлекеттік тіліміз қандай тіл?
Балалар біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – Тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздің рәміздері дүниеге келді. Олар:
Қазақстан
Қ .К.Тоқаев
Нұрсұлтан
Қазақ тілі
Хормен: Ту, Елтаңба, Әнұран
презентация
Ортасы (20 мин)
Оқушылар сендер өзіміздің Отанымыз, тіліміз, жерімізге байланысты өлең жолдарын білесіңдер ме? Айтып беріңдерші.
Анамыздай тілеуі ақ,
Отан бізде біреу-ақ!
Ол біздің Қазақстан
Қызық күндер өткіздік
Шағын орталық бағында,
Көп оқимыз, білеміз
Ел мен Отан жайында.
Біз намыскер
Қазақ елі ұланымыз!
Қорғайтын жерді
Отан қыранымыз!
Мұғалім: Атасы он жасар баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады:
- Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр?
- Көремін. Өрмек тоқып жүр.
- Анау құмырсқаны көремісің?
- Көремін, аузында бір нанның уағы бар, жүгіріп кетіп барады.
- Жоғары қара аспаннан не көрдің?
- Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында тістеген шөбі бар.
Сонда атасы былай депті:
- Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған үлгі – өнеге: Өрмекші маса – шыбынға тұзақ құрып жүр, өзіне азық етуге. Құмырсқа нанның уағын өзі жемей уағын үйіне алып бара жатыр. Қарлығаш балапандарына ұя жасауға шөп жинап жүр. Сен де еңбек етуге әдеттен – деді.
Бұдан балалар сендер нені ұқтыңдар?
- Еңбек етуді, уақытымызды босқа өткізбеуге, мейірімділікке.
Әңгімелесу -Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
-Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?
-Өз еңбектеріңнін жемісін көргенде қандай сезімде боласыздар?