II. Көтеріп орман, тоғай, тастың бәрін, Жапанда шөгіп жатыр үлкен нарым (Тау) Отыз екі- бәрі алып, Тұрар іште қамалып. Ашылғанда қос есік, Көрінеді ағарып. (Тіс) Қыздардың тапсырмасын орындап, ағашқа барады. Ағаштың тапсырмасын орындайық. Тыйым сөздер. 1. Босағада тұр ма, көк шөпті жұлма. 2. Малды теппе, ақты төкпе. 3. Үлкенді құрметте, қамқор бол кішіге. Ағаштың тапсырмасын орындап, сиырға барады. Сиырдың тапсырмасын орындайық. Мақал-мәтелдер. 1. Ақыл тозбайтын тон , Білім таусылмайтын кен. 2. Қына тасқа бітеді, Білім басқа бітеді. 3. Өнер алды қызыл тіл. Сиырдың тапсырмасын орындаған мысық, сүтті алып Мақта қызға береді. Мақта қыз мысықтың құйрығын беріп екеуі дос болады. - Балалар, ертегілер еліндегі саяхатымыз ұнады ма? - Саяхаттан қандай әсер алдыңдар Ә. Марғұлан атындағы №40 мектеп - лицейі Тақырыбы: «Біздің сыныптың жетістіктері»
2022-2023 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: «Біздің сыныптың жетістіктері» Мақсаты: Оқушылардың «ұжым», «достық» құндылықтары туралы түсінініктерін кеңейту. Міндеттері: – ұжымның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; – өзара татулық, сыйластық қарым-қатынастарын дамыту; – бірлікке, сыйластыққа, достыққа тәрбиелеу. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық сәт: Барлығымыз ортаға шығып, шеңбер жасап тұрамыз. Бір-біріміздің қолымызды ұстап, оң жақтағы көршіме, сол жақтағы көршіме күлімсіреп қараймыз да барлығымыз «Сәлеметсіздер ме» деп айтамыз.