Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты 11.2.2.1- шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтау. Сабақтың мақсаты: көркем шығармадағы авторлық идеяны анықтайды,өмір шындығымен байланыстырып пікір айтады.
1-тапсырма дескрипторы жалпы – 3 балл
-Автор ойын анықтайды-1 балл
-Идеяны өмір шындығымен байланыстырып, пікір айтады-1 балл
Шығармадан үзінді келтіреді -1 балл
1-тапсырма. . Жұптық жұмыс. Шығармадағы автор ойын анықтап, қазіргі заман шындығы көрінетін үш фактіні келтіріп, кестені толтырыңдар.
Шығармадан үзінді
Автордың айтпақ болған ойы
Қазіргі заман шындығы
«Құмырсқаның илеуінше қайнаған жетім бұрыштан бізге лайық пәтер табылмады. Табылмады емес, табылды-ау, әкесінің құнын сұрайды, тіпті делдал саған қарайтын емес, сөйлесу үшін де кезекке тұрады екенсің.
. «Ел ауылдан туысым келетін болды деп қуанса, мен бұл күндері туысым келетін болды деп қорқатын болдым. Әуел десеңіз, дәл мынандай кезде әкем мен шешемнің келуін де қаламайтын едім. Бұл – менің жалғыз қорқынышым.