Жаңа тақырыпты түсіндіру.
«Эргономика» сөзі грек тілінен аударғанда «жұмыс заңы» деген ұғымды білдіреді. Эргономика адамдардың «адам-технология-қоршаған орта» жүйесіндегі жұмысының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етілуін жан-жақты зерттейтін ғылым саласы.
Эргономиканың негізгі мақсаттары:
-«Адам – машина – қоршаған орта» жүйесінің тиімділігін арттыру;
-Еңбек қауіпсіздігі;
-Жұмыс барысында адамның тұлғалық дамуына жағдай жасау.
Компьютерлік эргономика- еңбек өнімділігін арттыру мен ыңғайсыздықты жою мақсатында жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру жайлы ғылым.
Қалыпты жұмыс істеу үшін мониторды қолданушы көзінен көру аймағының бір жарымнан екі диагоналіне дейінгі қашықтықта орнату қажет.
Креслоға отыру биіктігі тізе буыны 900 немесе одан да көп бұрышта бүгілетіндей етіп реттелуі керек.
Пернетақтамен жұмыс істеу кезінде қолды шынтақ тұсында кем дегенде 80-900 бұрышта бүгілетіндей етіп орналастыру керек.
Көптеген компьютер үстеліндегі пернетақта сөресі бар. Ол эргономикалық стандаттарға сәйкес, пернетақтамен ыңғайлы жұмыс істеуге лайық биіктікте жасалады.
Тінтуір пернетақтаға жақын орналасады. Бұл тінтуір меңзерін басқаруды ыңғайлы етеді әрі білектің дұрыс орналасуына мүмкіндік береді.
(Ө) 1-тапсырма. «Ұсыныс» әдісі
Суреттегі адамға денсаулығына тиетін зиянды алдын алу үшін екі ұсыныс беріңіз
Дескриптор:
-денсаулығына тиетін зиянды алдын алу үшін ұсыныс береді. /4балл/
ҚБ: стикер /балл/
(Ө) 2-тапсырма.
2.1.Эргономиканың негізгі мақсаты не?
2.2. Монитор диагоналіне сәйкес қашықтықты таңда.
Монитор 15”
|
|
60-70см -ден кем емес
|
Монитор 17”
|
80-100см -ден кем емес
|
Монитор 19”
|
50-60см -ден кем емес
|
Монитор 21”
|
70-80см -ден кем емес
|
Дескриптор:
-Эргономиканың негізгі мақсатын жазады.
-монитор диагоналіне сәйкес қашықтықты таңдайды.
ҚБ: стикер /3 балл/
(Т) 3-тапсырма.
2.3.Компьютерде дұрыс жұмыс істемеу пайдаланушы денсаулығының нашарлауына ықпал етеді. Пайдаланушының денсаулығына байланысты проблеманы оның шешімімен байланыстыр.
Карпальды туннель синдромы
|
|
Ноутбук пен монитор қоюға арналған көмекші бұйымдар
|
Арқа, мойын және иық бұлшық еттерінің ауыруы,ыңғайсыздығы
|
Аяқ тірегінің тіркемесі және арқаға жастық қою
|
Белдің ауыруы және ыңғайсыздығы
|
Тінтуір мен пернетақталарға арналған төсеніштер
|
Дескриптор:
-пайдаланушының денсаулығына байланысты проблеманы оның шешімімен байланыстырады.
ҚБ: стикер /3 балл/
|
Ссылка бойынша жаңа тақырыппен танысады.
Мұғалімді тыңдайды
1-тапсырманы орындайды
2-тапсырманы орындайды
3-тапсырманы орындайды
|
4 балл
1 балл
2 балл
3балл
|
https://www.youtube.com/watch?v=WonxJksZ80Q
Сурет
карточка
|