1. 70 градус температурада ерігіштігі ең жоғары тұзды көрсетіңіз.
2. Натрий сульфаты бөлме температурасында (22 градус) аса қаныққан ерітіндісін дайындауда, 100 грамм суға қанша грамм тұзды еріту қажет?
3. Барий нитратының қаныққан ерітіндісінде 100 грамм суда, 40 градустан 90 градус аралығындағы тұздың массасы қанша грамм?
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
Ерігіштік қисығын зерттей отырып, сұрақтарға жауап береді.
|
ДК-экраны, жұмыс дәптері
|
Сабақтың соңы
5 мин.
|
«Сөйлемдерді толықтыру» әдісі.
Тақырыпты қорытындылау мақсатында тақырыпқа сәйкес сұрақтар беріледі.
|
Сөйлемдерді толықтыру.
Берілген сөйлемдерде қойылған көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазыңыз.
Еріген заттың мөлшері жоғары болса, ерітінді ... деп аталады.
Еріген заттың ерітіндідегі мөлшері аз болса, ... ерітінді деп аталады.
Берілген температурада әрі қарай зат ери алмаса, ерітінді ... ал, әрі қарай ери алатын болса, ... деп аталады.
Жауабы:
Еріген заттың мөлшері жоғары болса, ерітінді концентрлі деп аталады.Еріген заттың ерітіндідегі мөлшері аз болса, сұйылтылған ерітінді деп аталады. Берілген температурада әрі қарай зат ери алмаса, ерітінді қаныққан ал, әрі қарай ери алатын болса, қанықпаған деп аталады.
|
Дескриптор: Жалпы - 2 балл
Мұғалім оқушыларды «Сөйлемдерді толықтыру» әдісі арқылы бағалайды.
|
ДК-экраны, жұмыс дәптері
|