Мақсаты:Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау:Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
№8-тапсырма. Расул Ғамзатовтың шығармаларын тіл туралы жазылған басқа да ақын-жазушылардың шығармасымен салыстырыңдар.
Ерекшелігі мен ұқсастығын анықтаңдар. Пікірлеседі.
Дескриптор: Жалпы -5 балл. -Ерекшелігі мен ұқсастығын анықтайды.
Оқулық,
жұмыс дәптерлері.
№9-тапсырма. «Ана тілің-арың бұл» деген тақырыпта эссе жазыңдар.
Эсседе қазіргі уақыттағы мәселесі туралы ойларыңды ортаға салыңдар.