домбыра тартамын гүл сыйламаймын
асық ойнаймын ән айтпаймын
гүл сыйлаймын асық ойнамаймын
Үлгі бойынша оқушылар сөйлемдерді қайталайды, сондай-ақ мұғалім оқушыларға сөздердің болымсыз түрлерін түсіндіреді. Оқушылар кесте бойынша сөздерді қолданады.
5.(МК,Ұ) 4-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
– Сен ән айтасың ба?
– Иә, мен ...
– Сен домбыра тартасың ба?
– Жоқ, мен ...
– Сен асық ойнайсың ба?
– Жоқ, мен ...
– Сен гүл сыйлайсың ба?
– Иә, мен ...
5-тапсырма. Тыңда. Оқы. Үлгі бойынша айт.
Ертең мектепте мереке болады. Мен мерекеде ән айтамын, анама гүл сыйлаймын.Мен домбыра тартпаймын, асық ойнамаймын.
/Оқушылар асық ойнағандары туралы айта алуды үйренеді./
1. Ертең мектепте не болады?
2.Әсет не істейді?
3. Ол не істемейді?
Оқушылар сұраққа жауап бере алуға жаттығады. Берілген үлгі бойынша оқушылар жұппен сөйлеседі.
-жаңа сөздерді үйренеді
-сөйлемдерді түсінеді
-сөйлеу үлгісін қайталайды
(МК, Ұ) Мұғалім Һ дыбысымен таныстыру жұмысын Алмабектің суретінен бастайды. Алмабектің Һ дыбысын үйреніп отырғанын түсіндіру арқылы оқушыларды Һ дыбысымен және оның әрпімен таныстырады. Аудиодискіден һ дыбысының айтылуын және һ дыбысы кездесетін сөздер қатарын тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Мұғалім оқушыларға һ дыбысын айтқан кезде дұрыс дыбыстауға жаттықтырады. Мұғалім оқушыларға дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы түсінік береді. Оқушылар һ дыбысының дауыссыз дыбыс екенімен танысады. Мұғалім һ дыбысы дауыссыз дыбыс болғандықтан, оқулықта көк түспен берілгенін түсіндіреді.
һ дыбысы кездесетін сөздер қатарын суреті бойынша үйретеді. Олар:жиһаз,айдаһар,Ғауһар
бойынша оқушылар сұрақтарды қайталайды (кім? не? неше?
(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі. (Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі.
Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.
-һ әрпін айтуға,жазуға үйренеді
- оқушылар өткен дауысты,дауыссыз дыбыстарды еске түсіреді
1. Сабақты қорытындылау. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.
2.Кері байланыс . «Бағдаршам»
Қандай екі нәрсе табысты болады (Оқытуда да, оқуда да ескеріңіз )?
Қандай екі нәрсе сабақтың жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (Оқытуда да, оқуда да ескеріңіз )?
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеме оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетінін не білдім?
|