5.1.3.1 Күнделікті тұрмыстық тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну;
5.1.6.1Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру.
Сабақтың мақсаты
Мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсініп, сұрақтарға жауап беру.
Кейіпкерлерге қарап сабақтың мақсатын анықтауға болар ма еді?
Сабақ мақсаты мен критерийлерін таныстыру.
Мәтіналды жұмыс.
Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, мағынасын түсіндіріп, мысал келтіреді.
Жауынгер Әскерде қызмет ететін адам
Мысалы:Жауынгер майданда ерлік көрсетті.
Ерлік Жауынгерлер ерлік көрсетті.
Мысалы: 1941-1945 жылдары соғыста ерлік көрсетті.
Соғыс Ұлы Отан соғысы
Мысалы: Жауынгерлер Отанды қорғау үшін соғысқа аттанды.
Тұрмыс-тіршілік Мысалы: «Қазақ солдаты» романында тұрмыс-тіршілігі бейнеленеді.
Ғ. Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романы туралы бейнемәтін тыңдайды. Мұғалім романның басты кейіпкері туралы түсінік береді.
Алан қандай кітап оқып отыр?
Шығарманың авторы кім?
Шығарма не туралы?
Шығарманың басты кейіпкері кім?
Халықтардың қандай достығы көрінеді?
Соғыста оның мінезі қалай бейнеленеді?
Қай жылдар аралығында ерлік көрсетті?
Кеңес Одағының батыры Қайырғали Смағұловтың бейнесін көрсету.
Ұлы Отан соғысы жылдарында 318- атқыштар дивизиясы командирінің көмекшісі.
Сержант Қайырғали Смағұлов Ельтиген (Украинаның Қырым түбегі) қыстағы үшін болған ұрыста жаудың 20-ға жуық әскерін жойып, 2 танкіні талқандаған.
«Қазақ солдаты» романындағы Қайроштың прототипі
Прототип-әдеби шығармадағы кейіпкердің бейнесін жасауға тірек, негіз болатын, өмірде болған адам.
Топтық жұмыс.
1-тапсырма: Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыз.
«Қазақ солдаты» романы – ______ тақырыптағы шығарма. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ерлік көрсеткен ______ туралы. Сонымен қатар романда ________ достығы суреттеледі. _______ – романның басты кейіпкері. Оның прототипі – Кеңес Одағының Батыры Қайырғали Смағұлов. Ол 1941-1945 жылдардағы соғысқа бастан-аяқ қатысып, _______ көрсетті.
Қажетті сөздер: жауынгерлер, патриоттық, Қайрош, халықтардың, ерлік
2-тапсырма: Деректердің дұрыс не бұрыстығын анықтаңыз.