Дескриптор:
Үзінділерден кейіпкер бейнесін анықтай алады.
Өз ойын бүгінгі заманмен байланыстырып айта алады.
Қалыптастырушы бағалау: Ауызша(жарайсың, эпизодтармен жақсы жұмыс жасадың, кейіпкер бейнесін жақсы анықтадың, кейіпкерге байланысты көзқарасыңды келтіріп, ол туралы білетініңді көрсеттің, кейіпкердің адамгершілік қасиеттерін мысалдар келтіре отырып дәлелдеуің керек еді, т. б.)
|
Жоғары деңгейдегі оқушылар
«1 сурет бес сөз»әдісі бойынша тапсырма орындау барысында үзінділерден кейіпкер бейнесін анықтай алады,
өз ойын бүгінгі заманмен байланыстырып айта алады.
Шығармашылық бағытта жұмыстануы үшін бұл оқушыларды зерттеу жұмысына бағыттаймын.
«Әркімнің ата-анасы әулиесі»тақырыбында эссе жазыңыз.
Орта деңгейлі оқушылар
«Сюжет және көзқарас» тәсілі бойынша кестені толтыру барысында Автор стиліне сүйене отырып жұмыс жасай білді.Шығарманың идеясына сай кейіпкерлер іс-әрекетіне баға беруде оқушыға дерекөздер ұсындым. Өз ойын айтуына ықпал еттім..
Нақты мысалдармен дәлелдеп,өзгеріс енгізуге бағыттау үшін қосымша ақпараттар іздеуге ықпал жасаймын.
Қолдауды қажет ететін оқушылар
«Сюжет пен көзқарас»әдісі бойынша шығарма желісіндегі кейіпкер бейнесін анықтайды, әрқайсысына мінездеме береді.
Шығарманың көркемдік құндылығына баға беру қиналады.
.Өз ойын қосып,өзгертуге бағыттау үшін диалог арқылы қолдау көрсетемін..
Оқулықтан үзінді оқыта отырып,жетек сұрақтарын қою.
«Мырза келін» деп неліктен атады?Күйеу баласы Торсанға неліктен ренжіді? т.б
|
Әрбір берілген тапсырма сайын керібайланыс орнатылып,сабақ соңында жетістік баспалдағына жазу.
Табыс критерийлері арқылы бағалау;
Өзара бағалау;
Өзін –өзі бағалау;
«Үш шапалақ әдісі» (Жарайсыңдар, өте жақсы, керемет, мақал-мәтелдерді көп білетіндеріңді дәлелдеңдер)
Жазбаша бағалауы (ойыңды толықтыр,сөйлемдердің құрылымына назар аудар,ойыңда шамалы алшақтық бар, ойыңды көркем тілмен өрнекте,тілдік амал-тәсілдерді орынды қолданыңыз....)
Ауызша(жарайсың, эпизодтармен жақсы жұмыс жасадың, кейіпкер бейнесін жақсы анықтадың, кейіпкерге байланысты көзқарасыңды келтіріп, ол туралы білетініңді көрсеттің, кейіпкердің адамгершілік қасиеттерін мысалдар келтіре отырып дәлелдеуің керек еді, т. б.)
|
Сабақ барысында пәнаралық байланыс ретінде тарих пәні таңдалып, жаңа тақырып мазмұны ашылды. Интербелсенді тақтамен жұмыс жасалып, АКТ-мен байланыс орнатылды. «Мәңгілік ел» идеясы құндылықтары негізінде тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы құндылықтары сабақ тақырыбына байланысты таңдалды.
|