7.1.1.1. Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау.
7.4.4.3. Шылау түрлерін ажырата білу, орынды қолдану.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжай алады.
Көпшілік оқушылар үшін: Шылау түрлерін ажырата алады.
Кейбір оқушылар үшін: Шылау түрлерін орынды қолдана алады.
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.