фБөлім: Ғаламтор және әлеуметтік желілер
|
Мектеп: А.Нұрманов мектебі Пәні: қазақ тілі Пән мұғалімі: Каласова Г. Д
|
Күні: 25.01.2023
|
Қатысқаны: Қатыспағаны
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Ғарыш пен ғаламтор
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
7.3.3.1.Мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу
7.4.4.1 Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану.
|
Сабақтың мақсаттары
|
Негізгі ақпаратты кестеге, диаграммаға түсіру(ол үшін мәтін мазмұнына детальді үңілуі тиіс), етістіктің райларын тілдесім барысында қолдану;
|
Жоспар
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру бөлімі.
Жағымды психологиялық тапсырма.
Қызығушылықты ояту. Оқылым алды тапсырма.
|
Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.
Қазіргі жастар ғаламторға қаншалықты тәуелді....
БЛООБ ағашына орналастыру
« Атаулар туралы 7 сұрақ»
1. Жерді қоршаған бүкіл дүние қалай аталады? Жауабы: Ғарыш кеңістігі
2. Ғарышқа жол қашан ашылды? Жауабы: Ғарышқа жол 1957 жылы 4қазанда ашылды
3. Ең алғаш ғарышқа ұшқан кім? Жауабы:1961жылы 12 сәуірде адам баласы бірінші рет ғарыш кемесімен Жер шарын айнала ұшты.Ол—Ю.А. Гагарин.
4. Планета грек тілінен аударғанда қалай аталады? (планета –грекше адасушы жұлдыз деген сөз)
5. Глобус - қай тілден алынған.... –латын тілінен аударғанда шар деген мағына береді
6. Ғарыш кеңістігінде қанша ғаламшар бар?
7. Қазақстанда ғарышты бағындырған қандай ғарышкерлерді білесіңдер? Жауабы:Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсабаев
Ғарыш пен ғаламтордың арасында қандай байланыс бар?
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.
|
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Оқушылар Блоб ағашына өздері білетін мәліметтерін орналастырады.
Оқушылар тақырыпқа байланысты қызықты сұрақтарға жауап береді.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.
|
Қалыптастырушы бағалау
«Мен сабақтың басында қай деңгейдемін?..»
|
|
Сабақтың ортасы
Оқылым тапсырмасы. Мағынаны тану.
ӘТН.
Жұптық тапсырма. 2-тапсырма. Ашық райлы сөйлемдердің қай шақта тұрғанын ажыратыңдар.
Оқылымнан кейін. «Аяқталмаған сөйлем» әдісімен мәтінді қалау райда аяқтаңдар.
|
Мәтінді оқып, негізгі және қосымша ақпаратты кестеге түсіріңдер.
|
Мәтінді оқып, негізгі және қосымша ақпаратты кестеге түсіреді.
Оқушылар грамматикалық тақырыпты меңгереді.
Грамматикалық тақырып бойынша талдау жүргізеді.
«Аяқталмаған сөйлем» әдісімен мәтінді қалау райда аяқтап, ой қорытындылайды.
|
Қалыптастырушы бағалау
«Мен қай деңгейдемін?..»
|
(http://bnews.kz/kz/news/...)
|
Сабақтың соңы Рефлексия
Үй тапсырмасы
|
4-тапсырма
|
|