Сабақтың басы
|
І. Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру: «Сөзді тап» тәсілі.
Қобдишаға тақырыпқа қатысты түйінді сөз жазылған қағаз салынады (Ғасырлық туынды ). Бір оқушы қобдишадан қиынды қағазды алып, бір минутта ондағы сөздің атын атамай сипаттап түсіндіруі керек.
Кіріспе сұрақтар:
Бұл сөздердің біздің сабаққа қандай қатысы бар? Сабақтың тақырыбы қандай болуы мүмкін?
ОҚЫЛЫМ АЛДЫ.Қызығушылықты ояту.
Ой шақыру
1. Қазақтың қандай танымал қаламгерлерін білесіңдер?
2. «Ғасырдың ұлы туындысы» ұғымын қалай түсінесіңдер?
«Тұлғаны таны» әдісі.
Тұлғалар туралы қандай ақпарат білесіңдер, білетін ақпараттарыңды және қосымша оқулық пен ғаламтор ақпараттарынан ізденіп, топ болып, тұлғаны таныстырыңдар.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.
|
Оқушылар назарын сабаққа аудару. Оқушылар тақырыпты анықтайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар білетін ақпараттарын және қосымша оқулық пен ғаламтор ақпараттарынан ізденіп, топ болып, тұлғаны таныстырады.
|
|