Сабақ бойынша рефлекия: 1.Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар нені үйренді?
2.Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
3. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
4. Сабақта уақыт кезеңдері сақталды ма ?
Жалпы оқушыларды бағалау:
ма?
Сабақтың жақсы екі аспектісі(оқытуға, үйренуге қатысты.)
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады(оқыту және үйрену)
Сабақты жақсартуға оқушылардың сол сабаққа берген кері байланысы. Сол арқылы оқушылардың қажеттілігіне қарай келесі сабақты жүйелі жоспарлау.
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістігі (қиындықтары туралы нені
білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?)
Бөлім
Педагогтың аты-жөні
Күні
Сынып
Қатысушылар саны
Қатыспағандар саны
Сабақтың тақырыбы
Зерттеу сұрағы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
5.1.2.1 зерттеу сұрағы мен болжамды тұжырымдау
Сабақтың мақсаты
зерттеу сұрағын және болжамдарды тұжырымдайды
зерттеу сұрағының мәнін түсіндіру
зерттеу болжамын ұсыну жодарын талдау
зерттеу сұрағы негізінде болжамдарды тұжырымдау
Бағалау критерииі
Оқушылар оқу мақсатына жетеді, егер:
Зерттеу сұрағын анықтайды
Зерттеудің болжамын тұжырымдайды
Зерттеу сұрағы негізінде қорытынды жасайды
Сабақтың кезеңі/ уақыты
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы
Сабақты ұйымдастыру «Алма бағы» жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру (тақтаға алма ағашының суретін және оған түрлі түсті стикерлер (алма) жапсыру, сабақ басталғанда оқушыларға өзіне ұнаған алманы алуды тапсырыңыз. Сол арқылы оқушының сол сәттегі көңіл күйін білуге болады, сонымен қатар топқа бөлінеді).
Балалар, алдарыңызда сумен толтырылған екі стақан берілген. Біреуіне - қабығы ашылмаған, ал екіншісіне - қабығы ашылған лимонды салсақ не болады, қалай ойлайсыздар? (Оқушылар әр түрлі болжамдар ұсынады және тәжірибені жасап көру арқылы болжам расталады немесе расталмайды)
Осы қарапайым тәжірибе негізінде оқушыларда зерттеу сұрағын тұжырымдау және осы зерттеу сұрағы негізінде болжам жасау және тәжірибені жасап көру арқылы болжамның расталатын немесе расталмайтындығын тексеруге болатындығы туралы түсінік қалыптастыруға болады
Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды
Қол шапалақ
Power Point презентациясы, алма ағашының суреті, түрлі-түсті стикерлер
Екі стақан, су, қабығы ашылған лимон, қабығы ашылмаған лимон
http://www.7ya.ru/article/Opyty-dlya-detej-zanimatelnaya-nauka-v-domashnih-usloviyah/
Ортасы
Оқушылар сабақтың басында алма ағашынан алған стикерлері бойынша 3 топқа бөлінеді:
1-топ. Диффузияның жылдамдығын зерттейді
2-топ. Ұшу алыстығының соғу күшіне және зат салмағына тәуелділігін зерттейді
3-топ. Физикалық жаттығуларға байланысты жүрек соғысы жиілігінің өзгеруін зерттейді
Топтық жұмысқа қойылатын критерий:
Тәжірибені жүзеге асыру алдында зерттеу сұрағын қою
Тәжірибеге байланысты болжамдар (гипотеза) тұжырымдау
Нұсқаулыққа сәйкес тәжірибені жасау
Тәжірибе нәтижесі бойынша қорытынды жасау
1 топқа ыстық және суық суы бар екі стақан беріледі. Екі стақанға қара шай қалташасын салып, олар судың қоңыр түске боялу уақытын анықтайды.
2 топқа әр түрлі өлшемді өшіргіштің үш түрі ұсынылады. Оқушылар үстел үстінде жатқан өшіргішті саусақтарымен әр түрлі: көп, орташа және аз күшпен соғады.
3 топ оқушылары 10 рет отырып-тұрғанға дейін және одан кейін тамыр бойынша жүрек соғысының санын өлшейді
Әр топ тәжірибені жасап болған соң өзара ақпарат алмасады.
Алдын –ала таратылған китерий бойынша «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бірін –бірі бағалайды.
Бағалау критерийлері.
Зерттеу сұрағының ғылымилығы;
Болжамның түсінікті әрі тексеруге мүмкін болуы;
Зерттеу кезінде қауіпсіздік шараларының қадағалануы;
Әрекет ретінің сақталуы;
Деректердің нақты әрі шынайы жинақталуы;
Зерттеу бойынша қорытындының дұрыс, сауатты тұжырымдалуы.
Осы тапсырма арқылы оқушылардың болжамды тұжырымдау және оны тәжірибе жүзінде тексере білу дағдысы бағаланады.