Сабақтың тақырыбы: Функция және функцияның графигі Бөлімі: Функция. Функцияның графигі



бет2/23
Дата07.06.2023
өлшемі0,63 Mb.
#99296
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Алгебра 2-тоқсан 7-сынып

Барлық оқушылар істей алады: Функция және функцияның графигін сипаттайтын шамалардың мағынасын түсінеді.
Көптеген оқушылар істей алады: Функция және функцияның графигі ұғымдарын меңгереді.
Кейбір оқушылар істей алады: Функцияның берілу тәсілдерін біледі.

Бағалау критерийлері

- Функция ұғымына сипаттама береді;
- Функцияның берілу тәсілдерін біледі;
- Функция және функцияның графигі ұғымдарын меңгереді.

Сабақтың барысы:



Сабақ кезеңі/
Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.
Өткен сабақты тексеру


5мин.

Топпен жұмыс





Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.
Ынтымақтастықты қалыптастыру, оқушылардың сенімділігін арттыру. Шаттық шеңбер "Жақсы тілек- жан жылуы "
Топқа бөлу:
І топ
ІІ топ
ІІІ топ

Өткен сабақты тексеру


Сұрақтарға жауап беру
Өткен сабақтар бойынша сұрақ-жауап жүргіземіз.
1.Функция дегеніміз не?
2.Функция графигін сипатта.
3. Функцияның берілу тәсілдері қандай?

Одан кейін оқушыларды тағы да топтармен орындарын ауыстырып, яғни 1, 2 сандарға бөлу.


Жаңа тақырыпты топқа бөлінген оқушыларға абзац арқылы оқытады. Мазмұнын түсіндіріп, кері байланыс береді.

«Жақсы тілек- жан жылуы» оқушылар бір-бірлеріне тілектер айтып, жақсы көңіл күймен сабақты бастайды.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Мысалдар келтіреді.


Әр топ өз міндеттерін орындайды. Әр топ өздерінің абзацтарын оқиды, бір-бірімен, жұппен, топпен өзара талқылайды.

Дескриптор:


-Өткен сабақтағы ережелерді қайталайды.

Жалпы балл-2


Дескриптор:


-Тақырыпты оқиды, топта талқылайды
- Флипчартқа түсіреді , топта қорғайды.

Жалпы балл-3




Қағаз қиындылары


Үлестірме

ДК экран Сұрақтар

Әр топқа флипчарт , маркер, түрлі түсті фломастер беріледі.


Сабақтың ортасы.
10 мин.

Оқыту мақсатына жетуді бағалауға мүмкіндік беретін тапсырма:
Функцияның у=f(х) түріндегі жалпы белгілеуін қолданып, келесі тұжырымдарды функционалдық тәуелділік түрінде жазыңдар: 1)аргумент 3-ке тең болғанда функцияның мәні 10-ға тең; 2)функцияның мәні 5,5-ке тең болғанда аргумент 1,5-ке тең; 3)х=-1 және х=2 болғанда функцияның мәндері өзара тең.

Оқыту мақсатына жетуді бағалауға мүмкіндік беретін тапсырмаға оқушылар жауап жазады.



Дескриптор:
-Тапсырманы орындайды.
-Осы тапсырмаға ұқсас сұрақтар жазады.

Жалпы балл -3




Слайд
Кітап
Дәптер


Сабақтың соңы.
5 мин
Синтез
«Ойлан, тап!» (сабақты бекіту)


5мин
Рефлекция

Бағалау


Үй тапсырмасы

«Ойлан, тап!» (сабақты бекіту)
Сыйымдылығы 200 л болатын бакқа 2л/с жылдамдықпен бензин құйылды. t с өткен соң бакта қалатын бос орын мөлшері- V-ны t-ға тәуелді функция түрінде жазыңдар. V(t) функциясының анықталу облысы қандай? V(10), V(30) мәндерін табыңдар. V(120) мәнін анықтау мүмкін бе? Жауаптарыңды негіздеңдер.
«Менің көңіл-күйім баспалдағы»
Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.

Әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша 10 баллдық жүйемен бағалау





Оқушылар тапсырмамен жұмыс жасайды

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады.



Дескриптор
- Тапсырманы орындайды.
-Пікір алмасады.

Жалпы балл-2


Жалпы тапсырмалар бойынша 10 балл





Дк экран
Дәптер

Стикерлер


смайликтер

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Рефлексия. Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?




Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі еске салынады.

Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?
1:
2:

№3 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Сызықтық функция және оның графигі



Бөлімі:

Функция. Функцияның графигі

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы: 7

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Сызықтық функция және оның графигі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

7.4.1.4 y=kx функциясының анықтамасын білу, графигін салу, k коэффициентіне қатысты орналасуын анықтау;
7.4.1.5 y = kx + b түріндегі сызықтық функцияның анықтамасын білу, оның графигін салу және графиктің k және b коэффициенттеріне қатысты орналасуын анықтау;
7.4.1.6 сызықтық функция графигінің координата осьтерімен қиылысу нүктелерін графикті салмай табу;
7.4.1.7 у = kx + b сызықтық функциясының графигінен k және b таңбаларын анықтау.

Сабақтың мақсаты:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет