9.2.3.3 -теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымын есептеу
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін:
Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімі шығымының массалық үлесін анықтайды
Көпшілік оқушылар үшін:
Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімі бойынша көлемдік үлесін анықтайды
Кейбір оқушылар үшін:
Реакция теңдеулерін теңестіреді.
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.