Сабақтың тақырыбы Галогендер Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет3/8
Дата05.12.2023
өлшемі1,19 Mb.
#134415
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ашық сабақ "Галогендер" 9 сынып 3

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

6 минут


«Ширату жаттығулары»
М: Оқушылармен амандасу. «Атомдар мен молекулалар ойыны» әдісі бойынша ортаға шақырып, топқа біріктіремін. Мұғалім оқушыларға бәріміз молекулалар сияқты жалғыз қимылдаймыз дейді. Молекулалар бірігіп-бірігіп, екеу болады, сосын үшеу болады, атомдар түзіледі. Оқушылар молекулалардан атомдар түзілу арқылы 3 топқа біріктіремін.

«Мен кіммін» атты жұмбақтарды шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашамын.


«Сырларым бар химиктерге аян, таба алсаң қасиетімді етем баян» деп жұмбақтарды қоя бастаймын.
1. Мен 1811 жылы француз фабриканты химик-технолог Бернер Куртуа ашты. Атым грекше күлгін, қара көк деген мағына береді. Теңіз орман-жапырағы деп аталатын ламинария балдырының құрамында 0,1-0,6%-мын. Организмдеріңізге мен жетіспесем, бақшаңкөз ауруына шалдығасыздар.
О: Йод
М :-Ия бұл жұмбақтың шешуі «Йод» болады, Йод VІІ топтың негізгі топшасындағы элемент болып табылады деп сипаттама береміз. Келесі жұмбақтың жалғасы:
2. Мен бүлдіргіш элементпін, қ.ж. солғын сары түсті бейметалмын. Өткір иісті улы газбын. Қосылыстарымда бір валенттімін, өте белсендімін, қалыпты температурада көптеген элементтермен әрекеттесемін. Менімен жанасқан кезде натрий, кальций, кремний, күкірт, фосфор жанады,ал су айырылады. Ауыз суда мен жетіспесем тістеріңіз ауыратын болады.
О: Жауабы: Фтор элементі. Келесі жұмбақ
3. Мені 1826 жылы француз ғалымы Ж.Балар ашқан. Иісім сасық болғандықтан меннен бәрі қашады. Мен қалыпты жағдайда өткір иісті қызыл-қоңыр түсті ауыр сұйықтықпын, ауада тез буланып, сары қоңыр бу түземін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет