ҚБ:Топтар өзара бірін-бірі топтық жұмысты «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.
Мұғалім сөзі: Оқушылардың өздері оқып меңгерген білімін, алған материалдарын толықтырып кетемін. Галогендер тобына – фтор, хлор, бром, иод жатады. Олардың молекулалары екі атомды, нағыз бейметалдар.
Олардың барлығы ұшқыш сутекті қосылыстар береді. Салыстырмалы атомдық массалырының мәндері артқан сайын элементтердің белсенділіктері кемиді. Топшада атомдық нөмері
өскен сайын галогендердің атом радиусы да өседі, сондықтан фтордан астатқа қарай тотықтырғыш қасиеттері кемиді. Соған сәйкес тотықсыздандырғыш қасиеттері артады, ал электртерістілігі кемиді.
1-тапсырма
(Ж) Берілген F2, Cl2, Br2 элементтерінің электрондық формулаларын құрастыру.
Элементтердің атауы
Молекулалардың электрондық формуласы
1-топ
F
2-топ
Cl
3-топ
Br
Дескриптор
1. Химиялық элементті орналасқан орны бойынша сипаттайды
2. Период бойынша неше деңгейден тұратының анықтайды
3. Элементтің электрондық формуласын құрастырады.