Барлық оқушылар істей алады: Зат күйлерін біледі және олардың түрін ажырата алады.
Көптеген оқушылар істей алады: Зат күйлеріне тән қасиеттерін ажырата алады.
Кейбір оқушылар істей алады: Денелердің молекулалық құрылымын сипаттай отырып, мысалдар келтіре алады.
Бағалау критерийлері
-Заттардың молекулалық құрылысын біледі.
-Газдардың, сұйықтар мен қатты денелердің құрылымын сипаттап, мысалдар келтіре алады.
Құндылықтарға баулу
Жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын дарытуда оқушыларға оқу үдерісінде бақылау жүргізуге, топтастыруға, зерттеуді жүйелеуге, құбылыстарды бір-бірімен байланыстыру мен оларға түсінік беруге үйрету.