Үй тапсырмасын тексеру. "Өткенге шолу"
1. Қандай күшті теңәрекетті күш деп атайды?
2. Бір түзудің бойымен бір жаққа қарай бағытталған екі күштің теңәрекетті күші неге тең?
3. Бір түзудің бойымен қарама-қарсы жаққа қарай бағытталған екі күштің теңәрекетті күші қай жаққа қарай бағытталады.?
4. Формуласы қандай?
|
Оқушылар өткен тақырып сұрақтарына жылдам жауап беріп, бүгінгі тақырыппен танысады.
|
Дескриптор:
-Теңәрекетті күштің анықтамасын біледі.
-Бір түзудің бойымен бағыттас екі күштің теңәрекетті күшін біледі.
Айырмашылықтарын айта алады.
-Формуласын біледі.
Жалпы балл-2
|
Сабақтың ортасы
20 минут
|
Жаңа тақырып
І. РАФТ тәсілі
Физика пәнінің ерекшелігін ескере отырып топтар РАФТ тәсілі арқылы жаңа сабақты меңгеретін болады. Әр оқушы берілген материал мен суреттер арқылы РАФТ кестесін толтырады. Сол зат күйінің атынан рөлге еніп, тақырыптарын қорғайтын болады.
Тапсырмадан соң оқушыларға ауызша кері байланыс беремін.
"Бұл - жақсы жауап"
"Сен жетістіктерге жетудесің!"
"Сенің тəжірибені сипаттауың нақты жəне логикалық түрде. Келесі жолы саған өз көзқарасыңа қатысты қателіктерің туралы ойлану қажет"
"Бұл мен күткен жауап емес".
ІI. "Сәйкестендіру" тәсілі
Экранда әртүрлі заттардың суреттері мен соған сай зат күйлерінің атаулары көрсетіледі. Оқушылар сол атаулар мен суреттерді сәйкестендіріп қойып, жауабын табатын болады.
ІII.Физикалық эксперимент. Stop-кадр тәсілі.
Интербелсенді тақтаға зат күйінің молекула қозғалысының бейнежазбасын қосып, белгілі бір уақытта тоқтатамын. Оқушылар бұл қай зат күйінің молекулалық қозғалысы екенін атап, оны қалай анықтағанын айтады. Сол арқылы оқушыларға сұрақтар қойылады.
|
РАФТ кестесі бойынша оқушылар жұмыс істегенде рөл, аудитория, форма, тақырып бойынша бөлініп тақырыптарды қорғайды.
Экранда көрсетілген суреттерден жылдам оқушылар атауларын сәйкестендіру жасайды.
Бейнекөрсетілім бойынша балалар заттың күйлерін анықтап,дәлелдеп түсіндіріп береді
|
Дескриптор:
- Ең ұсақ бөлшек атомдар екенін біледі.
-Әр заттың молекуласы - сол заттың қасиеттерін сипаттайтынын біледі.
-Сурет бойынша молекулалар құрылысы арқылы заттың күйін анықтай алады
Жалпы балл-3
|