Сабақтың тақырыбы Геоэкологиялық аудандастыру



бет1/2
Дата13.12.2022
өлшемі1,52 Mb.
#57047
түріСабақ
  1   2


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғатты пайдалану және геоэкология

Мектеп: № 94 орта мектеп

Күні: 14.11.2019ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Төкеш Д.Ж.

Сынып: 10

Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Геоэкологиялық аудандастыру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.2.3 дүниежүзі аумағын ластану және табиғи ортаның бұзылу деңгейі бойынша аудандастыру;

Сабақ мақсаттары

дүниежүзі аумағын ластану және табиғи ортаның бұзылу деңгейі бойынша аудандастыру;

Бағалау критерийлері
Дағдылар:
Білімін қолдану, зерттеушілік дағдылар

- дүниежүзі аумағын ластану деңгейін анықтай алады;
- табиғи ортаның бұзылу деңгейі бойынша аудандастырады;



Тілдік мақсаттар



Пәндік сөздік қор/ Пәндік лексика мен терминалогия:
Сабақ барысында кездесетін тапсырмаларда сөздің мағынасын ажырату, түсіну немесе мәтінді оқу арқылы таныстырылым жасау.
Токсинді ластану индексі
Ластану деңгейі
Әлемдік көлемде ластану
Аймақтық көлемде ластану

Құндылықтарды
дарыту

- туған жерге
- қоршаған ортаны қорғауға деген қамқорлық
- ғаламдық және жергілікті жердің табиғатын бағалауға үйрету

Пәнаралық байланыстар

Экология, экономика

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, презентация

Бастапқы білім

Геосфераның ластану түрлері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру. Сәлемдесу.
сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау;
Сабақ мақсатымен, тапсырмалармен және бағалау критерийлерімен танысу.
Ой шақыру (топтық жұмыс)
Ең лас қалалар мен елдердің ондығын болжаңыз.
Бұл елдерді неліктен ластану деңгейі жоғары деп бағалайсыз?
Топта оқушылар өз болжамдарын жасап, ондық мемлекеттердің тізімін жасайды. Ласану себебін және салдарын түсіндіреді.
Әр топ өз болжамдарымен таныстырып болған соң, болжамды нақтылау үшін ақпарат құралдарын пайдаланады.

Экологиялық мәселелерге қатысты суреттер




Сабақтың ортасы


Мұғалімнің таныстыруы
«The Eco Experts» Эксперттер ұйымының ғалымдарының бірлескен тобы әлемнің барлық елдерінің экологиялық деректерін талдап, жағдайды көрнекі түрде көрсету мақсатында графикалық карталарды жасады. Ол үшін Халықаралық энергетикалық агенттік пен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы деректерін пайдаланды. Мұндай факторлар:
1. Халықтың жан басына шаққандағы энергияны тұтыну;
2. Жан басына шаққандағы қазба отынының жануынан көміртегі диоксиді шығарындыларының көлемі;
3. Әртүрлі зиянды заттардың ауаны ластау жағдайы;
4. Ауаның ластануымен байланысты 100 мың тұрғынға шаққандағы өлім саны;
5. Жаңартылатын энергияны дамыту.
1 тапсырма.
Осы факторлардың ластану деңгейінің артуына байланысты картаны талдау.

Картадағы токсинді ластану индексін пайдаланып аймақтарды ластану деңгейі бойынша топтастырыңдар.



Бағалау:
- Оқушылар картадан дүниежүзі аумағын ластану деңгейін анықтап, сипаттайды
2 тапсырма Пікір сайыс
Эко сарапшыларының пікірінше «токсинді» мемлекет Сауд Арабиясы болды. Ауаның ластануының ең жоғары қарқыны байқалды, ол қазірдің өзінде дәстүрлі түрде ең лас болып саналатын Үндістан мен Қытайдан «асып түседі».
Сауд Арабиясы, Кувейт, Бахрейн, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Түрікменстан, Ливия, Қазақстан, Тринидад және Тобаго әлемдегі ең «улы» он елдің қатарына кірді.
Эко сарапшыларының пікірі дұрыс немесе бұрыс. Оқушылардың пікірлерін тыңдау.
3 тапсырма.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет