Сабақтың тақырыбы География ғылымының салалары


Ал енді бүкіл дүние жүзін, алсақ мынадай көрсеткіштер көруге болады



бет161/195
Дата23.09.2024
өлшемі32,4 Mb.
#145236
түріСабақ
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   195
Байланысты:
КМЖ 8 сынып жана

Ал енді бүкіл дүние жүзін, алсақ мынадай көрсеткіштер көруге болады:

Шаруашылық ұйымдасуының типтері.
Қазіргі дүниежүзілік шаруашылыққа аумақтық айырмашылықтар тән болады.
Байырғы типі : табиғи (натуралды) шаруашылық жатады; оның негізінде тұрғын халық өзін – өзі азық –түлікпен және бірінші кезектегі тұтыну заттарымен қамтамасыз етеді. Мамандану мен еңбек бөлінісі баяу дамиды.
Нарықтық экономика:қоғамның дамуына байланысты шаруашылықтың жаңа типі. Еңбек бөлінісіне негізделіп отырып, өнім мен тұтыну үшін қалыптаспайды, сыртқы сұранысқа бағытталған.
Бұрынғы социалистік жүйедешаруашылық мемлекеттік деп аталады, себебі басқару орталықтанған және жоспарланған.
Өтпелі экономика - ХХ ғ соңына қарай бұрынғы Кеңес одағының елдерінде және Шығыс Еуропа елдерінде кездескен, бұл жаңа мен ескі бағыттардың ортасындағы жүйе.
Қазіргі Қазақстаннарықтық қатынастарға көштік.


Оқулық пен жұмыс
Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі.


Дүниежүзілік шаруашылықпен бірге халықаралық географиялық еңбек бөлінісі де қалыптасып келеді . Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі деп жеке елдердің өнімнің белгілі бір түрлерін, шикізат пен даяр бұйымдарды өндіруге және олармен айырбас жасауға мамандануын атайды. Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі дүниежүзілік шаруашылық аясында дами отырып, жекелеген елдердің ұлттық шаруашылығын өзара байланыстырады.
Географиялық еңбек бөлінісі жеке елдердің арасындағы экономикалық – географиялық және әлеуметтік – экономикалық айырмашылықтардың болуынан туындайды. Сонымен қатар ол елдердің шаруашылық құрылымы мен тарихи дәстүрлерімен тығыз байланысты. Өйткені әрбір елге тарихи кезең аралығында қалыптасқан өзіндік дәстүрлі өнеркәсіп салалары мен ауыл шаруашылығының маманданған бағыттарына тән. Әдетте, маманданған салалар өнімдері сапалығымен ерекшеленеді, сондықтан дүниежүзілік нарықта оларға сұраныс өте жоғары. Әр елдің өнімнің белгілі бір түрлерін өндіруге және қызмет көрсетудің жекелеген салаларына мамандануы себепті ішкі нарық сұранысынан асып кеткен жағдайда ол өнімдерді сыртқа шығару қажеттілігі туындайды. Мысалы, Жапония автомобиль жасау жөнінен дүние жүзінде 1 орын алады. Елде шығарылатын автомобильдердің тең жартысы басқа елдерге экспортқа шығарылады. Демек, автомобиль жасау – Жапонияның халықаралық дәрежеде маманданған саласы. Сонымен қатар, соңғы жылдары, Жапония кеме жасау, радиоэлектроника және роботтар жасауға мамандану жөнінен халықаралық деңгейге көтерілді.
Жалпы алғанда, халықаралық еңбек бөлінісі, қазіргі заманғы дүниежүзілік шаруашылық жағдайында сөзсіз болатын құбылыс, ол елдер арасындағы өзара ынтымақтастықты күшейтіп, бәсекелестік жағдайында елдердің бейбіт өмір сүруіне негіз болады.
ХХІ ғ дүниежүзілік шаруашылық түбегейлі өзгерістер алдында тұр. Болашақта электроника, лазерлік техника, биотехнология жетекші салаларға айналып, атом энергиясы мен химия саласындағы ең соңғы жетістіктермен қаруланған жаңаөндіріс салалары дамытылатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет