Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
8.3.4.4 -мұхиттағы тіршілік дүниесінің таралуын анықтайды
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар: Мұхиттардың географиялық орнын білу, картадан көрсете білу, салыстырмалы талдау жасау
Оқушылардың басым бөлігі: мұхиттағы тіршілік жайлы түсінік бере отырып, оның ерекшеліктері мен маңыздылығын және шаруашылықтағы алатын орны жайлы түсінік беру
Кейбір оқушылар: Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.
Бағалау критерииі
мұхиттағы тіршілік туралы тапсырмалар орындауда пайдаланады
мұхиттағы тіршілік жайлы түсінік алады
Сабақтың кезеңі/ уақыты
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы
Ұйымдастыру бөлімі: «Мозайка» әдісі бойынша сурет арқылы сыныпты топқа бөлу топқа бөліп психологиялық ахуал қалыптастырдым
Үй тапсырмасын сұрау Сұрақ Жауап
1 Гидросфера- жердің қандай қабығы? Гидросфера жердің су қабығы
2 Гидросфераға не жатады? Гидросфераға мұхиттар, көлдер жер асты сулары , батпақ сулары және мұздықтар мен атмосферадағы су булары- жердің су қабығы гидросфераны құрайды . (грек сөзінен аударсақ гидро-су)
3 1литр теңіз суының құрамында неше грамм тұз болады ? (1 литр теңіз суының құрамында 35гр тұз бар, негізінен ас тұзы мен магний тұзының ерітінділері болады
4 Арасан дегеніміз не ? Емдік сулардың шығып жатқан жерін айтамыз)
5 Қазақстанда емдік қасиеті бар қандай жерлерді білеміз? (Сарыағаш, Алмаарасан, Қапаларасан,
Географиялық диктант:
Сұрақтар
Жауабы
1
Ежелгі материк
Пангея
2
Ауақысымыбірдейнүктелердіқосатынсызық
Изобара
3
Литосфералық тақталарды зерттеген
А.Вегенер
4
Климаттық белдеулер санын ажыратықан
Б.П.Алисов
5
Өтпелі белдеу
Субарктикалық
6
Негізгі белдеу
Арктикалық
7
Гольфстрим
Ағыс
8
Мезозой
Эра
Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды
Қол шапалақ
Слайд 6-7
Дидактикалық материалдар №1
Ортасы
Дүниежүзілік мұхит сулары тереңдеген сайын, өзінің табиғаты мен тіршілік дүниесінің құпияларымен адамзатты әлі де таңғалдыруда. Олардың ғажайып сыры әлі күнге дейін ашылған жоқ. Мұхиттардың терең тұңғиықтарын зерттеу барысында қазірдің өзінде ғылымға белгісіз тірі жәндіктер бабылуда. Мұхит суында тіршілікке қажетті қолайлы жағдайлар мен қоректік заттар жеткілікті. Тіпті тіршілік дүниесі тереңдігі 11022 м болатын Мариана шұңғымасында да жаңа жер қыртысы түзіліп, ыстық магма шығып жататын жарықтарда да, температурасы мен қысымы өте жоғары аудандарда да кездеседі. Мұхиттардағы тіршілік жағдайлары полюстен экваторға және су бетінен тереңдікке қарай өзгеріп отырады. Мұхиттың өсімдіктер дүниесі көзге көрінбейтін бактериялар, біржасушалы өсімдіктер мен ұзындығы 200 м-ге дейін жететін теңіз балдырларынан тұрады. Жануарлардан көзге көрінбейтін ұсақ жәндіктерден бастап, салмағы160 т-ға дейін жететін алып киттер тіршілік етеді. Мұхиттағы тіршілік ұзақ геологиялық уақыт аралығында су массаларының қасиеттерін өзгертіп отырады. Судағы жасыл өсімдіктер бөліп шығарған оттегінің мөлшері артып, оның артық мөлшері ауаға шығару арқылы атмосфера құрамын өзгертеді. Тіршілік ету жағдайына байланысты мұхиттағы тіршілік дүниесі планктон (грекше «қалқыма»),нектон (грекше«жүзгіш») және бентос (грекше «тереңдік») деп аталатын 3 топқа бөлінеді. Планктон ағыстардың әсерінен еркін қозғалатын алуан түрлі бір жасушалы балдырларда, әр түрлі қарапайымдардан, ұсақ шаяндардан, теңіз құрттарынан, ішек қуыстылардан және бақалшақтардан тұрады. Өсімдіктер планктоны – жануарлар планктонының негізгі қорек көзі. Мұхиттағы аса ірі сүтқоректілер (кит тәрізділер мен ескек аяқтылар) де планктонды азық етеді. Нектонды мұхит сулары мен оның беткі бөлігінде еркін жүзетін балықтар, теңіз сүт қоректілері, теңіз жыландары мен тасбақалар, ірі моллюскалар құрайды. Нектон неғұрлым ірі жануарлардан тұрады. Олардың жалпы биомассасы бентостың жиынтық массасынан 23 есе аз. Бентосты мұхит түбінде бекініп тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі құрайды. Олар мұхит түбінде тіршілік етуге бейімделген әр түрлі балдырлардан, теңіз шөптерінен тұрады. Бентостағы тіршілік дүниесі селбесіп өмір сүруге бейімделген. Дүниежүзілік мұхит суларында жануарлардың 150 мыңға жуық, өсімдіктердің 15 мыңнан астам түрі кездеседі, олар саны жағынан өте көп болуымен ерекшеленеді. Зерттеулер ғылым мен техниканың ең соңғы жетістіктерімен жабдықталған қуатты ғылыми-зерттеу кемелерінің, мұхит түбінде жұм Топтық жұмыс: постер қорғау
1-топ: Тынық мұхиты
2-топ: Атлант мұхиты
3-топ Үнді мұхиты
4-топ: Солтүстік Мұзды мұхит
Сұрақтар:
1. Мұхит дегеніміз не?
2. Мұхиттар жер бетінің неше пайызын құрайды?71%
3. Көлемі жағынан ең үлкен мұхитты ата?
4. Қай мұхит суының температурасы жылы?
5. Ең балыққа бай мұхитты ата?
6. Көлемі жағынан екінші мұхитты ата?
7. Тұздылығы жоғары теңізді ата?
8. Ең ауданы жағынан кіші мұхитты ата?
9. Ең тұздылығы төмен мұхитты ата?
10. Мұхитта қандай пайдалы қазбалар кездеседі?
Слайдта көрсетілген ресурстарды талқылайды
Видеороликтан тақырыпқа сай берілген түсініктерді дамыту арқылы, мәтіндегі тапсырмаларды орындау барысында ой өрісін жетілдіру арқылы бәсекелеседі
Слайдта берілген сұрақ жауапты орындайды
Сұрақ жауап арқылы сұраққа жауап береді, логикалық ойлай білуі мен сыни көзқарасы таныта білу дағдылары қалыптасады