R = Z – Si; Мұнда: R – дифференциалдық рента;
Z – шеткі шығын;
Si – келтірілген дербес шығын.
– табиғат ресурсынан өндірілетін өнімнің бағасынан өнімнің өзіндік құнын нормалы пайдасымен қоса шегеріп:
R = Ц – С + Пн, Мұнда: Ц – өнімнің кадастрлық, шеткі шығындар негізінде анықталған бағасы;
С – өнімнің һзіндік құны;
Пн – нормалы пайда.
– кадастырлық баға мен өндірістік дербес бағаны салыстырып:
R = Ц – Цi, Мұнда: Цi – нақты дербес шығындармен анықталған өндірістік баға.
Бұлардан басқа табиғат қорғау экономикасында көптеген жалпыэкономикалық көрсеткіштер қолданылады. Олардың ішінде: баға, өзіндік құн, пайда, табыс, тиім, тиімділік, пайда нормасы немесе нормлы пайда, дисконттау, экономикалық зиян, зиянның орнын толтыру (компенсация), ресурсты қалпына келтіру шығыны т.с.с.
Баға – тауардың (қызметтің) құнының ақшалай шамасы. Өндірістік, өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, қызмет көрсету, өндірушінің, тұтынушының, кадастрлық көтерме сауда, бөлшек сауда, нарықтық бағалар ажыратылады. Сондай-ақ, әлемдік, мемлекетаралық, мемлекеттік, аймақтық жергілікті болжамдық, жоспарлы, нақты, сметалық т.с.с. бағалар блады.
Өнімнің (қызметтің) өзіндік құны - өнімді өндіруге, қызмет көрсетуге, табиғат қорғауға жұмсалатын шығындардың ақшалай өлшемі.
Құн – тауардың құны оған жұмсалатын қоғамдық қажетті еңбек шамасымен анықталады.
Табыс - өнімді өндіру, қызмет көрсету, табиғат қорғау нәтижесінде түсетін ақша немесе материалдық игіліктер.
Пайда – табыстың жұмсалған шығыннан артық шамасы. Жеке өнімнен (қызметтен) түсетін пайданы оның бағасынан өзіндік құнын игеріп анықтайды.
Тиім – нәтиже мен шығынның айырмасы. Тиім тек қана ақшалай экономикалық емес, әлеуметтік, эономикалық, саяси т.с.с. болуы мүмкін.
Тиімділік – тиімнің, пайданың, соған қол жеткізуге жұмсаған шығынға қатынасы.кең мағынада тиімділік атқарған жұмыстың пайдалылығын сандық және сапалық көрсеткіштермен білдіретін ұғым. Жалпы шаруашылық әрекеттердің, оның ішінде табиғат қорғау шараларының пайдалылығын білдіреді. Нәтиже мен шығын салыстырылатын болғандықтан экономикалық тиімділік коэффициентпен немесе пайыз шамасы бойынша өлшенеді. Жұмсалған шығындардың, күрделі қоржынның, инвестицияның қайтарылу мерзіміне кері көрсеткіш болып табылады.
Күрделі қаржының қайтарылу мерзімі – жұмсалған инвестицияның пайда есебінен қанша уақытта қайтарылатынын көрсетеді. Тиімділікке кері шама. Оны анықтау үшінжұмсалған күрделі қаржы, инывестиция шамасын,, жылдық пайда, тиім шамасына бөледі.
Экологиялық зиян – шаруашылық т.б. әрекеттердің (әсерлердің) салдарынантабиғи ортаға (табиғат ресурстарына) келтірілген зардаптардың ақшалай өлшемі.
Компенсация (орын ауыстыру) шығындары – экологиялық зиянды болдырмауға, оның зардаптарын жоюға, орнын толтыруға жұмсалатын шығындар.тікелей есептеуге болмаған жағдайда балама шығындар, гедопистикалық әдістермен анықталады.
Ресурсты қалпына келтіру, жаңғырту шығындары – көп жағдайда нақты ресурсты қалпына келтіру емес, оны алмастыратын ресурстарға жұмсалатын шығындар алынады. Мысалы, жаңа кен орын ашу үшін геологиялық, барлау, бүлінген жердің орнына жаңа жер игеру, топырақтың құнарлығын арттыру, жаңа су көзін игеру, оның сапасын жақсарту, орман өсіру, атмосфера ауасын сауықтыру, т.с.с.
Табиғат қорғау шаралары өте күрделі, ұзақ мерзімде, ұдайы жүргізуді талап етеді. Сондықтан олардың тиімділігін анықтау, жұмсалатын шығындарды, қол жеткізетін нәтижелерді уақыт факторын ескере отырып қолданылатын варианттарды салыстыру қажет болады.бұл үшін дисконттау әдісі қолданылады.
Дисконттау - әр мерзімдегі шығындардың,нәтижелердің ақшалай өлшемін бір уақытқа келтіру. Сол арқылы олардың салыстырмалылығы қамтамасыз етіледі.әр түрлі мерзімде жүзеге асырылатын табиғат қорғау шығындары, инвестиция (күрделі қаржы) бір уақытқа, әдетте, құрылыс аяқталып, объект іске қосылатын жылға келтіріледі. Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау кезінде барлық жылдардағы тиімдер, рента, шығындар бастапқы бағалау жылына келтіріледі. Бірақ, іс жүзінде көпшілігінде шартты қабылданған шамалар қолданылады.
Дисконтталған ақша түсімі – белгілі уақытқа келтірілген табыстар мен шығындар. Оны талдаудың екі әдісі бар: қазіргі таза құндылық (NPV) және пайданың ішкі нормасы (JRR). Алғашқы әдіс болашақ ақша түсімінің қазіргі құндылығын таңдап алынған дисконт коэффициенті бойынша анықтауға негізделген. Соңғысы – ақша түсімінің қазіргі құны жұмсалатын қаржыға теңестіретін дисконтау коэффициентін анықтау.
Ақшаның қазіргі құндылығы – уақыт өткен сайын ақшаның құнсыздануын есептеу, жұмсалатын қаржының (инвестицияның) пайда әкелетін аралыққа дейінгі уақыттың бағасы. Бұл түсінік бойынша ақша іске жұмсалу керек, іске жұмсалмаған ақша құнсызданады.
Қазіргі таза құндылық (NPV) – инвестиция шамасын есептеу әдісі. Мұнда болашақ ақшалай түсім (пайда), ақшалай шығын (күрделі қаржы) капиталдық қайтарымын қамтамасыз ететін дисконт коэффициентімен есептеледі. Егер NPV оң мағынаға ие болса, қаржы жұмсауға болады деп есептеледі.
Диконт коэффициенті – болашақ ақша түсімінің (шығынның) қазіргі құндылығын есептеу үшін қолданылатын оэффициент (пайыз), ақшаның қазіргі құндылығын бағалау белгісі.
Пайданың ішкі нормасы (JRR) – болашақ ақша түсімінің қазіргі құндылығы жұмсалатын қаржы тең болатын жағдайға сәйкес пайда нормасы (пайызы). Соған сәйкес дисконт ставкасы анықталады.