Сабақтың тақырыбы География ғылымының салалары


Қазақстан аумағына әсерін тигізетін ауа массаларының түрлері



бет66/196
Дата14.09.2023
өлшемі32,62 Mb.
#107081
түріСабақ
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   196
Байланысты:
8 сынып КМЖ новый формат (4)

1. Қазақстан аумағына әсерін тигізетін ауа массаларының түрлері








2. Қайдан келеді?








3. Қандай ауа райын қалыптастырады?








4. Жыл мезгілдерінің қай кездерінде қандай ауа райы әкеледі?








Атмосфера әрқашан қозғалыста болады. Атмосфераның төменгі бөлігі тропосферада ауа ағындары пайда болады. Ауа ағындарын құрайтын ауа массалары қозғалысқа түскенімен ұзақ уақыт өз қасиеттерін сақтай отырып, сол келіп жеткен аумақтың ауа райын қалыптастырады. Қазақстан атмосфералық циркуляциясының ерекшеліктері ғаламшарлық циркуляцияның әсеріне байланысты болады. Мысалы солтүстік жарты шардың үстіндегі ауаның зоналық циркуляция ағындары мұхиттық ауа массаларын батыстан шығысқа қарай қозғап, 2-2,5 тәулікте біраз өзгеріске ұшырап Қазақстанға жетеді. Осы кезде республика жерінде материктің орталығында орналасқанына қарамастан климаттың континенттілігі азаяды. Сөйтіп, Қазақстанның жер бетіндегі атмосфералық циркуляциясы-жалпы циркуляцияның бір тармағы болып табылады.
1.Антициклон (грекше anti – қарсы, cyclon - айналым) – біркелкі қысым сызықтарымен тұйықталған, атмосфералық қысымы жоғары аймақ, яғни жоғарғы қысым жүйесі.Қысым орталығынан шетіне қарай төмендей береді. Соған сәйкес жел антициклонның орталығынан шетіне қарай және Жердің өз осінің айналуының ықпалымен Солтүстік жарты шарда оңға, Оңтүстік жарты шарда солға қарай бұрыла соғады.
Циклон (гр. kyklon — айналушы, айналым) — атмосфераның қысымы төменгі аймағы. Атмосфера әрекетінің орталықтарының бірі. Циклонда ауа қысымы ортасынан шетіне қарай артады. Солтүстік жарты шарда сағат тілінің айналу бағытына қарсы, Оңтүстік жарты шарда сағат тілі бағытымен қозғалады.

Қазақстан және басқа аумақтарда жүретін атмосфералық циркуляцияның әсеріне байланысты.


Қазақстан климатына әсер етеді

І-топ – Арктикалық ауа массасының еліміздің аумағының климатын өзгертудегі әсерін анықтау;
ІІ-топ –Қоңыржай ауа массасының еліміздің аумағының климатын өзгертудегі әсерін анықтау;
ІІІ- топ – Тропиктік арктикалық ауа массасының еліміздің аумағының климатын өзгертудегі әсерін анықтау;
Әр топта сипаттама беру жоспары :
1) Ауа массасының қалыптасу орны. Қайдан келеді?
2). Ауа массасының өзіне тән қасиеттері
3) Қандай ауа райын қалыптастырады?
4) Жыл мезгілдерінің қай кездерінде қандай ауа райы әкеледі?
5) Ауа райы қалай өзгереді? Антициклон , циклон , атмосфералық фронт


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет