Тапсырма №1 Метеоролиялық құралдар туралы кестені толдырады
Тапсырма №2 Атмосфералық қысым, температураның биіктікке байланысты өзгерісі және жел өрнегін салуға арналған есептарді шығарады. Температура, қысымға байланысты есептер шығару.
Теңіз деңгейіндегі атмосферадағы температура +19 °С болса, 4700 метр биіктіктегі нүкте температура қанша?
7.6 км биіктікте температура -34°С болса, теңіз деңгейіндегі температура қанша?
6.4 км биіктіктегі температура -37°С болса, 800 метр биіктіктегі температура қанша?
Тянь-Шаннь тауының жаз мезгілінде 1565 метр биіктігіндегі температура +14°С болса, сол уакытта Хан-Тәңірі шыңындағы температура нешеге тең?
Алматы қаласында жел оңтүстіктен 2 күн, солтүстіктен 5 күн, батыстан – 7 күн, шығыстан 3 күн, солтүстік батыстан күн соқты. Жел өрнегін салыңыз.
Қосымша дифференцациялық тапсырмалар: 1.Үлкен –Боқтыбай шыңындағы атмосфералық қысым нешеге тең?
2.Монбландағы атмосфералық қысымды гПа көрсеткішімен анықта ?
3.3280 метр биіктіктегі атмосфералық қысымды анықта(мм сын.бағ)?
4.Туристтер абсалюттік биіктігі 800 метр обьектіден тауға қарай саяхат жасау барысында 1650,2400 және 3260 метр биіктіктерге тоқтап атмосфералық қысымды өлшегенде барометр қандай көрсеткіштерді көрсетті?
1.Бір тәулік ішінде әр 3 сағат сайын ауа температурасы 8 рет өлшенді. Онда мынадай көрсеткіштер көрсетілді:
-3,-5,-8,-10,-4,+4,+7,+2. Осы көрсеткіштерді ескере отырып тәуліктің орташа температурасын анықта?
2.Күндізгі температура +17°С, ал түнгі температура -14°С. Тәуліктік температуралық амплитуданы анықта?
3.Күндізгі температура +34°С, ал түнгі температура +12°С.Тәуліктік температуралық амплитуданы анықта?