Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу, сыныпта қолайлы орта қалыптастыру,
Көңіл күйін қандай? Оқушыларға сары және жасыл, қызыл түсті смайликтер беріледі, көңіл күйлеріне сәйкес смайликты таңдап алады. Сары түс – көңіл күйім жақсы, жасыл – орташа, қызыл – көңіл күйім болмай тұр.
Сабақ барысында бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!
Ұйымшыл боламыз десек 2 рет
Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!
Оқушылар 1,2,3 сандарын таңдау арқылы топқа бөлінеді.
Жаңа тақырыпты ашу мақсатында «мюнстенберг» әдісі қолданылады. Оқушылармен бірге бағалау критерийлерін талдау. Сабақтың негізгі терминдерімен таныстыру..
Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыра отырып, сиқырлы ұяшық ойыны ойнатылады. Әр ұяшықты ашқан сайын тарихи-мәдени ескерткіштердің суреті ашылады. Сонымен қатар картамаен, кестемен жұмыс жасата отырып, жаңа сабаққа дайындық басталады.
1.Қазақстан қай тарихи-географиялық аймақтың құрамына кіреді.
2.Қазақстанның шығысында орналасқан облыс
3. Шығыс Қазақстан облысының орталығы?
4. Шығыс Қазақстанның солтүстік-шығысында орналасқан аудан
5. Катонқарағай ауданының орталығы. Ауданымыз қандай елдермен немесе аудандармен шектеседі?
6.Облыс аумағында қандай ұлттық парк құрылған
Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды
Қол шапалақ
Слайд 6-7
Дидактикалық материалдар №1
Ортасы
«Туған жердің керемет көріністері» видео көрсету
1.Оқушыларға алдын ала берген тапсырма бойынша шығармашылық жұмыстарын қорғау.
1 топ: «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен жануарларға фотоколлаж жасау
2 топ: Туған өлкеде кездесетін өсімдіктер мен жануардың суретін салып, буклет жасау
“Мәтінмен жұмыс“ әдісі Оқулықтағы өлкеміздің ауылшаруашылығы және Алакөл көлі туралы мәліметтермен бөліседі.
1. Сандық көрсеткіштерге мұқият болу;
2.Картамен жұмыс;
Дескриптор: Білім алушы:
- Тасты шөлдің флорасы мен фаунасын анықтап, сипаттама береді.
-Құмды шөлдің флорасы мен фаунасын анықтап, сипаттама береді.
-Сазды шөлдің флорасы мен фаунасын анықтап, сипаттама береді.
Бағалау: «Бағдаршам» әдісі
2 Тапсырма: Деңгейлі тапсырма:
А.Қазақстанның Қызыл кітабы қашан жарық көрді?
В.Қызыл кітаптың мақсаты мен маңызы қандай?
С.Қызыл кітапқа енген өлкеміздің өсімдіктері мен жануарларын атаңдар.
Дескриптор: Білім алушы:
-Қызыл кітапқа сипаттама береді.
-Қызыл кітаптың маңызын анықтайды.
Бағалау: «Басбармақ» әдісі
3 Тапсырма: ТЖ:
Облыс аумағында кездесетін табиғат зоналарына сипаттама беру:
Табиғат зонасы
Климат типі
топырағы
өсімдігі
Жануарлар әлемі
Дескриптор: Білім алушы:
-Табиғат зонасын анықтайды.
-Климат типін анықтайды
-Топырағын анықтайды
-Өсімдігіне мысалдар келтіреді
-Жануарлар әлеміне мысалдар келтіреді.
Бағалау: «Геометриялық фигуралар» арқылы жүзеге асады.
Сергіту: «Ойлата отырып, ойнату»
«Доп лақтыру» ойыны
1.Біздің өлкеміз қалай аталады?
2.Флора деген не?
3.Фауна деген не?
4.Өлкемізде қандай зоналар бар?
5.Өлкемізде қандай шөлдер бар?
6. Қызыл кітаптың «Қызыл кітап» деп аталуының себебі неде?
7.Қызыл кітап қашан жарық көрді?
8.Қызыл кітаптың маңызы неде?
9.Қазақстанның Қызыл кітабына біздің өлкемізде өсетін қандай өсімдіктер кірген?
10. Біздің өлкемізде мекендейтін қандай жануарлар Қызыл кітапқа кіргізілген?
Талдау:
Адамның табиғатқа тигізетін әсері, шешу жолдарын кестеге түсіру.
Адамның табиғатқа тигізетін әсері
шешу жолдары
Дескриптор: Білім алушы:
- Адамның табиғатқа тигізетін әсерін анықтайды.
- шешу жолдарын ұсынады.
Бағалау:«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі
Слайдта көрсетілген ресурстарды талқылайды
Видеороликтан тақырыпқа сай берілген түсініктерді дамыту арқылы, мәтіндегі тапсырмаларды орындау барысында ой өрісін жетілдіру арқылы бәсекелеседі
Слайдта берілген сұрақ жауапты орындайды
Сұрақ жауап арқылы сұраққа жауап береді, логикалық ойлай білуі мен сыни көзқарасы таныта білу дағдылары қалыптасады