Сандықтізбектер, олардың берілу түрлері туралы жалпы мәліметтерді біледі. Арифметикалық прогрессияның қасиеттерін біледі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
Ресурстар
Сабақтың басы 5 минут
Ұйымдастыру кезеңі: Сыныптың сабаққа даярлығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа кешікпеуін қадағалау. өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қою, қателермен жұмыс жасау, оқушыларды бағалау.
Сабақтың ортасы 10 минут
Жаңа сабақ Миға шабуыл Проблемалық оқыту стратегиясы.
Сабақ тақырыбы мен оқу мақсаты анықталып, бағалау критерийлері таныстырылады. Күтілетін нәтижелерге тоқталып кетемін.
Сонымен геометриялық прогрессия дегеніміз екіншісінен бастап кез-келген мүшесі алдыңғы мүшесін нөлден өзгеше қандай да бір тұрақты санға көбейткенде шығатын сандар тізбегі.
Келесі мүшесін алу үшін алдыңғы мүшесіне көбейтілетін сан геометриялық прогрессияның еселігі деп аталады және q әрпімен белгіленеді.
1-теорема. Мүшелері b1, b2, b3,…, bn-1,bn, bn+1 ,… геометриялық прогрессиясының екінші мүшесінен бастап кез келген мүшесі көршілес екі мүшесінің геометриялық ортасына тең болады.
Басқаша айтқанда, n≥2 болғанда орындалады.
2-теорема. (1-теоремаға кері теорема) Егер мүшелері оң таңбалы сандар тізбегінің екіншісінен бастап кез келген мүшесі көршілес мүшелерінің геометриялық ортасына тең болса, онда сандар тізбегі геометриялық прогрессия болады.
Проблемалық сұрақтың жауабы бойынша оқушыларды ауызша бағалау.
«Банктегі жинақ шоты», «Геометриялық прогрессия» видеоларын көрсетіп оқушылардың пікірін сұрау.