Үшбұрыштың биссектрисы, медианасы, биіктігі және орта сызығы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
7.1.1.14 теңқабырғалы, теңбүйірлі, тікбұрышты үшбұрыштардың элементтерін білу;
7.1.1.12 үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктігі, орта перпендикуляры,орта сызығы анықтамаларын білу және оларды салу;
7.1.1.15 сүйір бұрышты, доғал бұрышты және тікбұрышты үшбұрыштардың биіктіктерінің орналасуын салыстыру;
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар: сыбайлас және вертикаль бұрыштар ұғымы туралы оқушылардың түсініктерін кеңейтеді, олардың қасиеттерін түсіндіру және оларды есептер шығаруда қолдануды үйренеді
Оқушылардың басым бөлігі: сыбайлас және вертикаль бұрыштар анықтамасын, қасиеттерін білу және олардың градустық өлшемдерін табу білімдерін, сызбаларын салу және ажырату бейімділіктерін қалыптастырады
Кейбір оқушылар: Тақырыптың мағанасын түсінеді,есептер мен тапсырамалар арқылы өз бетімен жұмыс істеп үйренеді
Сыныппен амандасып оқушылардың сабаққа қатысын, сынып тазалығын қадағалаймын.
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу үшін «Мен сіздерге сенемін»психологиялық тренинг жүргіземін.
Оқушылардың қызығушылығы мен зейінін шоғырландырамын
Өткен тақырыпқа шолу арқылы қызығушылықты ояту
«Үшбұрыш» сөзжұмбағы беріледі
Қайталау сұрақтары:
1. Түзу бойында нелер орналасқан? /Латын бас әріптермен белгіленетін нелер?/(Нүкте)
2. Қазақтың байырғы өлшем бірлігі? (шақырым)
3. қандай фигураның формуласы (шеңбер ұзындығы)
4. Барлық бұрыштары тік болатын төртбұрыш (тіктөртбұрыш)
5. Қиылыспайтын екі түзу қалай аталады? (параллель)
6. Қосындысы 180˚ - қа тең болатын бұрыштар? (сыбайлас)
7. Үшбұрыштар теңдігінің неше белгісі бар? (үш)