Барлық оқушылар істей алады: Паскаль заңын түсіне отырып, гидравликалық престің құрылысын, жұмыс істеу принципін түсініп, ол не үшін қолданылатынын біледі.
Көптеген оқушылар істей алады: Гидравликалық машиналардың құрылысында қандай заңға негізделгенін топтық, жеке жұмыста, бірін-бірі оқытуда түсінеді
Кейбір оқушылар істей алады: Гидравликалық машиналарды қолдану кезінде күштен ұтысты есептеу жолдарын үйренеді
Бағалау критерийлері
Түсіну: Гидравликалық пресс туралы мағлұматтарды қабылдап, оған қолданылатын заңдылықты толық түсінеді.
Қолдану: Гидравликалық пресс тақырыбына есептер шығара алады.
Анализ, синтез: Берілген мәліметтер бойынша ақпараттарды синтездеп, ойларын мысалдармен жеткізеді.
Құндылықтарға баулу
Жалпыға бірдей еңбек қоғамы – Еңбек өнімділігін арттыру –өнеркәсіпте, ауылшаруашылығында, энергетикада, инфрақұрылымдық қызмет салалары мен секторларында, мемлекеттік және корпоративтік басқару жұмыс арқарылатын барлық патриоттардың үлкен еңбегі.
Гидравликалық машиналар механикалық энергияны қабылдау және қайтару немесе түрлендіру үшін қолданылатын машиналар . Гидравликалық сорғылар, қозғалтқыш, берілістер, қозғауыштар техникада іс-әрекеті сұйықтардың тепе-теңдігі мен қозғалыс заңдарына негізделгендігін оқушылар айтып, қазіргі таңда ауылшаруашылығындағы көптеп қолданылуы үлесінің ел болашағы үшін маңызын түсінеді.
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.
Алдыңғы тапсырмаларды еске түсіреді:
Қатынас ыдыстар деп қандай ыдыстарды айтады?
Қатынас ыдыстардың формуласы қандай?
Қатынас ыдыстардың тұрмыста, техникада, бізді қоршаған ортада пайдаланылуына мысалдар келтіріңдер ?
Қатты дене қысымды қалай жеткізеді? Оны қалай түсіндіруге болады?
Сұйықтар мен газдар неліктен қысымды барлық жаққа бірдей жеткізеді?
Паскаль заңы қалай айтылады?
Паскаль заңын қатты денелерге қолдануға болады ма?
Автомашинаға ауыр жүк тиегенде қысым қалай қарай беріледі?