Тестік тапсырмалар орындату арқылы үй тапсырмасын тексеру:
1.Омыртқаның қозғалуына әсер ететін, дененің тік ұстауын қамтамасыз ететін бұлшық ет.
а/қол-аяқ ә/арқа б/жамбас
2.Шайнау еттеріне тән ерекшелік
а/астыңғы жақ сүйегіне бекінеді ә/бет сүйегіне бекиді б/тіске бекиді
3.Адамда қанша бұлшық ет бар?
а/200-300 ә/400-600 б/100-300
4.Бас еттері
а/шайнау, ымдау ә/мойын, жақ б/бет, маңдай
5.Ұзын бұлшық еттер
а/бас бұлшық еті ә/аяқ-қол б/кеуде
6.Тыныс алуға қатысатын ет
а/қабырға аралық ә/құрсақ б/арқа
7.Бұлшық еттерге тән қасиет
а/жиырылғыштық ә/серпімділік б/қаттылық
8.Қаңқа бұлшық еттері
а/бірыңғай салалы ә/көлденең жолақты б/жүрек бұлшық еті
9.Жалпақ еттер
а/тұлға ә/қол-аяқ б/қабырға аралық
10.Адам ағзасындағы ең күшті бұлшық ет?
а/ымдау бұлшық еті ә/шайнау бұлшық еті б/тіл бұлшық еті
Тест жауаптарының қорытындысы.
1.Ә 2.А 3.Ә 4.А 5.А 6.А 7.А 8.А 9.А 10.Б
Білім алушыларды сурет қималары арқылы 3топқа топтастыру.
«Гиподинамия» ұғымына ассоциация құру тапсырмасы арқылы сабақтың тақырыбы ашылады. Білім алушылармен бірге сымбаттың бұзылуының қандай түрлері болатынына тоқталып талқылау жүргізу қажет. Білім алушылар сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерімен танысады.
"Стоп кадр" әдісін пайдалана отырып бейнеролик көрсету.
Термин сөздермен жұмыс жасау:
Топтық жұмыс
1- топ: Сымбаттың бұзылуы
2- топ: Жалпақтабандылық
3-топ: Гиподинамияның салдары
Кейбір оқушылар қосымша ақпарат көздерін пайдаланып өз білімдерін тереңдете алады.
Оқушылар топпен өз жұмыстарын қорғап өзара бағалайды.
Оқушылар жасаған жұмыстарын сыныпта таныстырады.
Мұғалім тиісті кері байланысты ұсынады.