Пәнге қатысты лексика мен терминология: Сымбат, дененің қалпы, кифоз, лордоз, сымбаттың бұзылуы, жалпақтабандылық, сколиоз, бүкірлік, дөңес арқа, жалпақ арқа, ортопедиялық /ыңғайлы аяқ киім.
Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Сымбаттың бұзылуына….салдары әкелуі мүмкін.
Омыртқаны ... сызық бойымен ұстау керек.
Матрас...болуы тиіс.
Дұрыс емес сымбаттылық...алып келеді.
Омыртқа жотасын тік линияда ұстау керек.
Адамның иығы...болмауы тиіс.
Құндылықтарды дарыту
Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады. Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.
Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.
Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділіқ, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады. Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады. Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс артқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.
Пәнаралық байланыс
Дене қозғалысының маңыздылығы, жаттығулар жасау туралы қарастыру арқылы дене шынықтыру пәнімен байланыс орнатылады.
Алдыңғы білім
«Жаратылыстану» курсынан оқушылар адамның сүйектерінің бөлімдерін және қозғалысты басқаратын бұлшықеттердің рөлін біледі. 7- сыныпта «Қозғалыс» бөлімінен оқушылар омыртқасыздар мен омыртқалылардың қозғалысқа қатысатын мүшелерін және қозғалыстың жануарлар мен өсімдіктер үшін маңызын, тірек-қимыл жүйесінің қызметін және қанқа бұлшықеттерінің орналасуын біледі.