Сабақтың тақырыбы: Х дыбысы мен әрпі
Мақсаты :
Білімділік: Оқушыларға
Х дыбысы мен әрпін таныту, оқу мен жазу
дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылығы: Х дыбысына қатысты жаңа сөздерді таныту арқылы
оқушылардың білімін жетілдіру, тілін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды білімділікке, ұқыптылыққа, сауаттылыққа,
табиғатты қорғауға, оқуға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топтастыру, тізбектей оқу, ойын, шығармашылық
тапсырма, сурет арқылы сөйлем құрау
Сабақтың көрнекілігі:Слайдтағы cуреттер,буындар, сөзжұмбақ,ойындар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылардың назарын сабаққа
аудару.
ә) Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
ІІ. Үй тапсырмасы: Ю дыбысы мен әрпі
« Сөз ойла ,тез ойла» ойыны
а) ю дыбысы бар сөздерді айту:
ә) ю дыбысы кездесетін сөздерді буынға бөлу.
А - ю, о - ю, то - ю, қо - ю, ү -ю.
б) “Асыл мұра” мәтінін әр қатардан 3 – 4 балаға оқыту.
ІІІ. Жаңа сабақ: “Х дыбысы мен әрпі”.
Жұмбақ жасыру.
- Бұны сендердің әжелеріңіз, аналарыңыз, апаларыңыз үйде киеді.
-Кейде оны дәрігердің үстінен де көруге болады. Бұл- киім.
- Халат сөзінде неше дыбыс бар?
- Ол қандай дыбыстар?
-Бірінші дыбыс қандай?
- Дұрыс. Бүгінгі сабағымызда біз Х дыбысы мен әрпімен танысамыз.
Жазылуы –
Хх, баспа түрі –
Хх
«Хх» дыбысы – дауыссыз дыбыс, араб, парсы тілінен енген сөздің барлық
жерінде кездеседі.
- Біз Х дыбысын қай кезде айтамыз ?
-Х дыбысы – дауыссыз, ауа кедергіге ұшырайды.
- Х дыбысымен біз өлең айта алмаймыз.
2. «Кім шапшаң?» ойыны
Көп нүктенің орнына қ немесе х әрпін қой.
Ша...мат, ас...ана, ...алам, ...абар, ...алық, /қ, х /
ІV.Оқулықпен жұмыс
Хор хабар кітапхана асхана
Хат халат шеберхана дәріхана
-
Спорт алаңына келдік.
-
Мынау не?/Мынау- мұз айдыны./
/Суретпен жұмыс./
Суретке қарап, сөйлемдер құрастыру.
«Балалар хоккей ойнап жүр. Олар- нағыз хоккейшілер. Бір бала- қақпашы, ал
екіншісі- шабуылшы.»
Мәтінмен жұмыс
Сұрақ- жауап:
-
Хасан мен Хамит қандай ойын жақсы көреді?
-
Хасан ойында кім? /Хасан- шабуылшы./
-
Хамит ше? /Хамит- қақпашы./
-
Ойын қалай өтті? /Хасанның тобы жеңіл шықты./
-
Кім хоккей ойынын ойнап көрді?
«Хоккей» сөзіне талдау жасау.
-
Хоккей сөзінде неше буын бар?
-
Хоккей сөзінде неше к әрпі бар? /2/
-
Хоккей сөзі- басқа
тілден енген сөз
-
Хасан мен Хамит біздердің келгенімізге разы болды.
V. Дәптермен жұмыс
Х әрпінің емлесімен танысу. Х әрпін жұмыс дәптерлеріне жазу.
Сергіту сәті
Сергіту жаттығуы:
Дыбыстарды ажырата білеміз бе?
Сабақты қорытындылау:
- Х дыбысы қандай дыбыс?
- Х қатаң дауыссыз дыбыс.
- Х дыбысы сөздің қай жерінді кездеседі?
- Сөздің алдын да, ортасында да кездеседі .
Үйге тапсырма
Х дыбысы мен әрпін оқу
Мадақтау.