Сабақтың тақырыбы: «хіх ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті мен музыка өнері»



бет7/9
Дата06.01.2022
өлшемі0,64 Mb.
#11592
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Шернияз Жарылғасұлы (1807-1867ж) – қазіргі Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында туған. Кедей отбасында өскен шешендік өнерге, ауыз әдебиетіне жасынан құмар болған Шернияздың ақындық талабы ерте оянды. Ол 1836-1838 жылдары Кіші ордадағы көтеріліске қатысты.

Шернияздың әдебиет саласына қосқан бір жаңалығы – дәстүрлі, көне замандардан бері көшпенділер өмірінде белгілі орын алған суырыпсалмалық өнерін жетілдірді.



Шөже Қаржаубайұлы (1808-1895ж) – бұрынғы Көкшетау облысының Қызылту ауданында, кедей отбасында туып өскен. Жастай екі көзінен айырылған Шөже қобыз тартып, өлең айтуға машықтанады.

Шөже билеушілердің, жеке би-сұлтандардың екі жүзділігі мен зұлымдығын, басқа да ретсіз қылықтарын әшкерелеп отырды. Шөже – ірі эпик ақын. Әйгілі «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» жырының ең көркем нұсқасы Шөженің айтуымен тараған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет