Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
|
Слайд
№1-15
http://bilimland.kz
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
Тапсырма №1.«Серпілген сауал»
Үй тапсырмасын меңгеру деңгейінің сатысын анықтау мақсатында сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырамын.
|
1. Зат дегеніміз не?
2. Дене дегеніміз не?
3. Зат пен дененің арасындағы айырмашылық неде?
4. Химия пәні нені зерттейді?
5. Қандай пәндермен тығыз байланыста?
6. Химия қай уақыттан бастап ғылым ретінде дамыған?
7. Алхимиялық кезең деген не, қай уақыттарды қамтиды?
8. Флогистон теориясының мақсаты неде болды?
9. Химияның дамуына қандай ғалымдар өз үлестерін қосты?
10. Химияның негізгі міндеттері қандай?
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау Бағалау "Шапалақ" тәсілі
:
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
15 мин.
|
Сабақтың тақырыбын хабарлау үшін оқушыларға тыйым салу белгілерін және химия ыдыстарын интерактивті тақтада ұсынамын.Осы белгілер арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды.
|
шшшш
1.
2.
Сабақтың мақсаты осы суреттер арқылы құрастырылады.
|
|
ДК экраны
7-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
Топтық жұмыс «жалғасын тап» 6 мин
|
Дескриптор: берілген суреттер бойынша химия зертханасында жұмыс жасау барысында сақталатын қауіпсіздік техникасының ережелерін жазады. Тапсырманы орындау барысында қауіпсіздік ережелерін біледі.
Бағалау: "Смайликтер"
|
|