4-тапсырма (қ.б-9 бет) «Ойлан тап» әдісі бойынша оқушылар семантикалық карта арқылы жаңа сабақты пысықтау - әр оқушыға жеке тапсырма ретінде төмендегідей кесте таратылады
. Олар төмендегі заттарды элемент, қоспа, қосылыстарға жіктеп берулері қажет.
элемент
қоспа
қосылыс
кетчуп
күміс
теңіз суы
ауа
оттегі
топырақ
алтын
ас тұзы
көміртек (алмаз)
көмірқышқыл газы
кока-кола
қант
цемент
әктас
хлор
күміс
Дескриптор
Элементтерді кестеге толтырады.
Қоспаларды кестеге толтырады
Қосылыстарды кестеге толтырады
Элемент,қоспа,қосылыстарды ажыратады .
Презентация
Жеке жұмыс
5 мин
Заттар, қоспалар мен қосылыстарды салыстыру Қауіпсіздік техникасы. Қыздырғыш аспаптармен жұмыс ережесін сақтау.
1. Берілген күкірт, темір, темір (ІІ) сульфидінің үлгілерін мұқият қараңдар. Бұл заттардың физикалық қасиеттерін сипаттаңдар, бақылағандарыңды кестеге түсіріңдер.
2. Күкірттің және темірдің әрқайсысынан бір-бір бөліктен шпа-тельмен алып, стақанға салыңдар. Қоспаны шыны таяқшамен араластырыңдар. Қоспаны мұқият қараңдар. Бақылауларыңды кестеге түсіріңдер.
3. Таза заттарды зерттеңдер (күкіртті, темірді және темір сульфидін) және дайындалған қоспаға магнитпен әсер етіңдер. Бақылауларыңды кестеге түсіріңдер.
4. Суды әр үлгіге құйыңдар, таяқшамен қоспаны араластырыңдар, оларды біраз уақыт тұндырыңдар. Не байқадыңдар?
5. Қыздырғыш құралдармен қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтай отырып, әр үлгіні қыздырыңдар. Бақылағандарыңды кестеге түсіріңдер.
ДК экраны
7-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
Таза заттар және темір-күкіртті қоспаның салыстырмалы сипаттамалары
? 1. Темір мен күкіртті араластырғаннан кейін темір заты мен күкірт заты өз қасиеттерін сақтай ма?
2. Темір сульфидін физикалық тәсілдермен жай заттарға бөлуге бола ма?
3. Темір сульфиді (FeS) күрделі затында темір заты мен күкірт заты өздерінің бастапқы қасиеттерін сақтай ма? Жауаптарыңды түсіндіріңдер
Бағалау топтар бір-бірін бағдаршам әдісі бойынша бағалайды,
Үйге тапсырма: §2 – оқу, жаңа термин сөздерді қолданып, глоссарий жасау
Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
Бөлім:
7.1А Химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сыныбы:
Қатысушылар саны
Қатыспағандар саны
Сабақтың тақырыбы:
Элемент, қоспа және қосылыс.
№1 зертханалық тәжірибе «Заттар қоспалары мен олардың қосылыстарын салыстыру»
(4-сабақ)
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
7.4.1.1 -элементті (жай зат) бірдей атомдардың жиынтығы ретінде түсіну
7.4.1.2 -таза заттар атомдардың немесе молекулалардың бір түрінен түзілетінін білу;
7.4.1.3 -элемент (жай зат), қоспа және қосылыс түсініктерін ажырата алу
7.4.1.4 -қосылыстардың және элементтердің физикалық қасиеттері туралы алған білімдерін қоспа құрамындағы таныс емес заттарды ажыратуға қолдана алу
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды элемент, қоспа және қосылыс бойынша үш топқа бөлу (парақшалар арқылы)
Психологиялық ахуал қалыптастыру ,оқушылардың қызығушылығын ояту үшін « Сұрақтары бар қорап» әдісін пайдаланып сергіту сәтін ұйымдастырамын: Қандай жаратылыстану пәндеріне байланысты сөздер білесіңдер? Зат пен денеге мысалдар келтіріңдер? Мұзтау,темір шеге зат па,дене ме? т.б
Мақсаты:Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау:Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
Стикер
фасол салынған қапшық
Жаңа сабаққа кіріспе
Тапсырма.(қ.б -7бет)
Берілген заттардың ішінен таза заттарды атаңыз:ауа, сутегі ,мыс,сүт,алтын,металл балқымалары, хлор, ерітінділер, азот, тұман, түтін. Таза заттарды алу жолдарын көрсетіңіз.
Дескриптор
-таза заттарды ажыратады
-таза заттарды алу жолдарын атайды.
-таза заттармен жұмыс жасау қажеттігі неде?
Үй тапсырмасын оқушылар топ арқылы бір-бірін бас бармақ әдісі бойынша бағалайды
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
15 мин.
3-тапсырма.(қ.б- 8 бет ) «Өкіл» әдісі бойынша жаңа тақырыпты түсіндіру. Оқушыларға тапсырма бөліп беріледі.Берілген тапсырмалар арқылы , барлық топқа бірдей суреттер топтамасы ұсынылады.
Олар сол суреттер көмегімен өздеріне берілген тапсырма бойынша «элемент», «қосылыс» немесе «қоспаның» маңыздылығын сипаттап, ерекшеліктеріне тоқталулары қажет.
1-топ – элемент
2-топ – қосылыс
3-топ - қоспа