Сабақтың тақырыбы Химиялық байланыс. Ковалентті байланыс Сынып: Күні



бет2/3
Дата06.04.2023
өлшемі181,5 Kb.
#79985
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
39 СЖ В2 Химия 8 Ковалентті байланыс .docx

Жеке жұмыс: Шағын ақ тақта
Оқушылар әртүрлі атомдардың қанша электрон бере немесе қосып ала алатындығын айқындайды. Оның жауабын ақ тақтаға жазып көрсетеді.


Проблемалық сұрақ:
- Хлор атомының электрондық конфигурациясын жазыңыз.
- Хлор атомы тұрақтыма?
- Не себептен хлор табиғатта атом түрінде кездеспейді?
- Хлор атомы тұрақтылыққа қалай жете алады?

Әрбір хлор атомына сыртқы электрон қабатын толтыру үшін бір электрон қажет.


Хлор атомдары өзара қалай байланысады?

Оқушылар атомдар арасында ортақ электрондық жұп пайда болады, сол арқылы хлор атомдары химиялық байланыс түзеді деген қорытындыға келулері қажет. Мұғалімнің бұл байланыстың ковалентті байланыс деп аталады нақтылайды.


Ковалентті байланыстың анықтамасы айтылғаннан кейін, байланыстың түзілу диаграммасын көрсету үшін «айқыштар мен нүктелер диаграммасы» қолданылатынын түсіндіріңіз.


(сыртқы қабатындағы барлық электрондардың жазылуына мән берініңз)

Оқушыларға түсінікті болу мақсатында сутегі және хлорсутек молекуласының түзілуінің айқыштар мен нүктелер диаграммасынын анимация түрінде көрсетіледі.








Жұптық жұмыс: Оқушыларға берілген молекулалардың:




  1. түзілу механизмінің «нүктелер мен айқыштар» диаграммасын салыңыз;

  2. осы молекулаларды модельдеуді ұсыныңыз

Оқушылармен бірлесе отырып бағалау критерийлерін құрастырыңыз.


Бағалау критерийлері:
1. Элементтердің сыртқы энергетикалық деңгейіндегі электрондарын дұрыс көрсете алды.
2. Электрондарды «айқыш пен нүкте» арқылы көрсетті.
3. Ортақ жұп электрондарды дұрыс көрсетті
Топтық жұмыс
Оқушыларды төрт топқа бөліңіз, әр топ постерде SCl6 , C2H4 , PCl5, SO3 молекулаларының түзілу механизмдерін «айқыштар мен нүктелер» диаграммасын салуды ұсыныңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет