Байланысты: Химиялық элемент атомдарының қасиеттері мен кейбір сипаттамаларының периодты түрде өзгеруі 8
Қалыптастырушы бағалау: «Бас бармақ әдісі» арқылы 3-тапсырма «Полиглот» әдісі. (Дамыта оқыту технологиясы, танымдық ойын). Оқушылардың ойлау және ізденімпаздық, жан-жақтылық қабілеттерін дамытады. 2 кезеңнен тұрады. 1 – кезең презентациядағы мақалдарды толықтырып, жұмбақтың шешуінің орнына қойған элемент атауларын қазақша – латынша атайды. 2- кезең. Демонстрациялық столдың үстіндегі химиялық ыдыс, құрал-жабдықтардың атауларын қазақша-орысша-ағылшынша атайды. Топпен немесе жеке жауап беруге болады.
1-кезең: Ескі мата бөз болмас, ескі .................. біз болмас. (темір, ferrum)
Жұмбақ: Өзі ауыр металға жатады, Балалар осы металл құйған сақамен атады. (қорғасын, plumbum)
Арпа ,бидай ас екен,.................тас екен.(алтын,күміс, aurum, argentum)
Жұмбақ: Осы затпен ескі үйді аластайды,Түсіне қарасаң, алтынға ұқсайды. (күкірт, sulfur)