Мұғалімнің түсіндірмесі: (АКТ, интербелсенді оқыту) Химиялық элементтердің периодтық заңы: химиялық элементтер және олардан түзілген жай және күрделі заттардың қасиеттері элементтердің атом ядро зарядтарына периодты түрде тәуелді болады.
Атомдық массаларының өсу реті бойынша орналасқан элементтердің көлденең қатарлары период деп аталады. Барлығы 7 период, олардың ішінде 1-3 периодтар кіші, 4-7 периодтар үлкен периодтар деп аталады. Атомдық нөмірлері 58-71 болатын 14 элемент лантаноидтар деп аталады, ал атомдық нөмірлері 90-103 болатын 14 элемент актиноидтар деп аталады.
Қасиеттері ұқсас элементтер біріктірілген тік баған топ деп аталады. Периодтық кестеде 8 топ бар. Әр топ негізгі және қосымша топшадан тұрады. Периодтық жүйедегі үлкен периодтың ғана элементтері кіретін топ қосымша топша деп аталады.
Элементтердің оттекті қосылыстардағы жоғары валенттіліктері топ номіріне сәйкес келеді.Барлық топ элементтері оттекті қосылыстар-оксидтер түзеді. Олардың жалпы формуласы периодтық жүйеде әр топтың астында элементтердің валенттіліктерінің өсу реті бойынша көрсетілген: R2O. RO. R2O3. RO2. RO3. R2O5. RO4
Кесте 1. Негізгі топшалар мен периодтардағы химиялық элементтердің қасиеттерінің өзгері заңдылытары