Ұйымдастыру кезеңі:
-Сәлемдесу
-Түгелдеу
Оқушыларды топқа біріктіру (түрлі-түсті қағаз арқылы)
«Миға шабуыл» (СТО)(Әр топ өздерінің топ аттарын құрастырып, не үшін олай атағандарын айтып береді. Топ басшы сайлайды.)
Үй тапсырмасын сұрау (Жұптық жұмыс)
«Он сұрақ» әдісі:«Ия» немесе «Жоқ» деп жауап береді(ойлау және айтылым дағдысы қалыптасады). Презентацияда алдыменсұрақтары, сосын жауаптары беріледі. Әр оқушы жеке – жеке дәптерлеріне жауап беріп отырады, сосын жанындағы баламен дәптер алмасып, бір – бірінің жауаптарын тексереді. Соңында топ басшысы қанша бала қанша балл алғандарын айтып береді, жалпы баллды айтады. (0-4 жауап – 3 балл, 5-7жауап – 4 балл, 8 – 10 жауап – 5 балл)
1.Периодтық кестені 1869 жылы Д.И.Менделеев ашты? (иә)
2. Атом құрамы протондар мен нейтрондардан тұрады? (иә)
3.Хлордың ең сыртқы энергетикалық деңгейінде 5 электрон бар? (жоқ)
3.Протон саны мен электрон саны тең бе? (иә)
4.Кремнийдің реттік нөмірі 14? (иә)
5.Көміртектің салыстырмалы атомдық массасы 16? (жоқ)
6.Натрий мен калий бейметалдар? (жоқ)
7.Период нөмірі энергетикалық деңгей санын көрсетеді? (иә)
8.7 – ші топта орналасқан элементтер инертті газдар деп аталады? (жоқ)
9.Топ нөмірі соңғы деңгейдегі электрон санын көрсетеді? (иә)
10.Магнийдің нейтрон саны 12 ге тең? (иә)
|